08/05/2024  Сәрсенбі

Бюджет қаражатының пайдаланылуының

сәйкестігіне және қаржылық есептілігіне жүргізілген

бақылау нәтижесі туралы

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2014 жылдың 25 желтоқсандағы отырысында Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына бюджет қаражатының пайдаланылуының сәйкестігіне және қаржылық есептілігіне жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.

Бақылау қорытындысы бойыншажалпы сомасы 11 670,3 мың теңгеге бюджеттік және басқа да заңнамалардың бұзушылықтары орын алды.

 

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына бюджет қаражатының пайдаланылуының сәйкестігіне және қаржылық есептілігіне жүргізілген тақырыптық бақылау нәтижесінің қорытындысы бекітілсін.

2. Маңғыстау облыстық денсаулық басқармасына 2015 жылдың 1 ақпанына дейін:

1) Жіберілген заң бұзушылықтар мен кемшіліктерге назар аударып, оларды жою және алдын-алу, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алу;

3. «Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына 2015 жылдың 1 ақпанына дейін:

1) Кемшіліктерді жіберген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды;

2) Бақылау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді, соның ішінде:

- артық төленген 6,0 мың теңге еңбекақыны бюджетке өтеуді;

- жалпы сомасы 120,9 мың теңгенің негізсіз шығысталған азық-түлігін бюджетке өтеуді.

4. Бақылау қорытындысы бойынша қабылданған шаралар туралы Маңғыстау облысының тексеру комиссиясына 2015 жылдың 1 ақпанына дейін дейін міндетті түрде хабарлау тапсырылады.

5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 140 - бабының 1-бөліміне сәйкес қаулының орындалуы міндетті болып табылады.

6. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 356-бабының 3-бөліміне сәйкес мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар) өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

7. Қаулының қөшірмесі Маңғыстау облыстық денсаулық басқармасының басшысына жіберілсін.

8. Осы қаулының орындалуын қадағалау тексеру комиссиясының мүшесі А.И. Аменовке жүктелсін.

Тексеру комиссиясының

төрағасы                                                                                      М.Ө. Нысанбаев

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы