17/05/2024  Жұма

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Маңғыстау облысы бойынша ішкі саясат басқармасында жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы өтті.

Сәйкестік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 53 781,0 мың теңге бұзушылық, оның ішінде 52 563,9 мың теңге рәсімдік бұзушылық, 1 217,1 мың теңге қаржылық бұзушылық анықталды. Жалпы қаржылық бұзушылықтың бюджетке өтелуге жататыны 1 217,1 мың теңге.

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында жалпы сомасы 1217,1 мың теңге қаражаттың Басқармамен бюджетке өтелуі қамтамасыз етілді.

Мемлекеттік аудит барысында нысаналы трансферттер есебінен негізсіз жалпы сомасы 1 1 04,0 мың теңге сыйақылар берілгені және негізсіз жалпы сомасы 113,1 мың теңгеге құтыдағы ауыз сулар сатып алынғаны анықталды.Басқармамен бюджетке өтелді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 19 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта растау) ережесіне және олардың мазмұнына қойылатын талаптары бұзылып, жасақталған 077 бюджеттік бағдарламасының тікелей және түпкілікті нәтижесінің көрсеткіштері Ереженің талаптарына сәйкес келмейді.

Жалпы сомасы 51 513,5 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуы анықталды, оның ішінде:

2015 жылы форумдар мен семинарларды өткізуді ұйымдастыру бойынша қызметтерге жалпы сомасы 17 748,1 мың теңгеге 5 келісім-шарттар мемлекеттік сатып алу туралы Заң нормаларын қолданбай жасалған.

2016 жылы форумдар мен семинарларды өткізуді ұйымдастыру бойынша қызметтерге жалпы сомасы 12 685,0 мың теңгеге 4 келісім-шарттар мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен негізсіз жасалған.

2017 жылы негізсіз 5 050,0 мың теңгеге 2 келісім-шарттар жасалған.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

Мемлекеттік аудит материалдары анықталған мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының бұзушылықтарына жауапты кінәлі лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Маңғыстау облысы бойынша ішкі аудит Департаментіне жолданды.

Мемлекеттік аудит объектісіне аудиторлық іс-шара нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарына жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы нұсқама, бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы тиісті ұсыныстарды қамтитын аудиторлық қорытынды жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы