17/05/2024  Жұма

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Мекемеде жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 16 255 258,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды.

Бюджет кодексінің Бюджет кодексінің бюджетті болжау, бекіту және өзгерістер енгізу бөлігіндегі талаптары өз дәрежесінде сақталмаған.

Бюджет кодексінің 4-бабымен көзделген негізділік принципінің жекелеген нормалары сақталмаған, яғни жекелеген салық түрлері бойынша бекітілген көлем нормативтік құқықтық актілер, салық салу базасының өзгеруі, жалақы қоры мен жұмысшылар санының өзгеруі, салықтық заңнамадағы өзгерістер, тағы басқа да факторлармен негізделмеген. Нәтижесінде, 2017 жыл қорытындысымен облыстық бюджеттің кіріс бөлігінің 3 510 502,8 мың теңгеге (96,6%) орындалмауы орын алған.

Бюджет кодексінің 4-бабымен көзделген сабақтастық принципінің жекелеген нормалары сақталмаған. Яғни, 2017 жылға бюджетті жоспарлауда, өткен 2016 жыл соңында да кейбі салықтар бойынша түсімдердің орындалмағаны ескерілмеген.

2017 жылға жоспарланған 180 индикатор ішінен (жоспарланбағандарды есепке алмағанда) 2017 жылдың қорытындысы бойынша 130 нысаналы индикаторларға қол жеткізілген (жалпы санның 72,2%), 30 нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген (16,7%), 20 нысаналы индикатор бойынша (11,1%) статистикалық деректер жоқ.

2017 жылы құрылысы аяқталған 2 инвестициялық жоба бойынша жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру көлемі 10 %-дан аз болған.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы