08/05/2024  Сәрсенбі

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының

«Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық

қазыналық кәсіпорынына бюджет қаражатының пайдаланылуының

сәйкестігіне және қаржылық есептілігіне жүргізілген

бақылау нәтижелері бойынша

Маңғыстауоблысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына бюджет қаражатын пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнама сәйкестігіне тақырыптық бақылау жүргізілді.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен Маңғыстауоблысының денсаулық сақтау басқармасының «Жаңаөзен қалалық туберкулез ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына

мемлекеттік активтер және қаржылық, бюджеттік есептіліктері бойынша жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаумен 441 967,2 мың теңге қамтылып, бақылаудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 11 670,3 мың теңгеге бұзушылықтар орын алғаны анықталды.

Атап айтқанда:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 18 тамыздағы №652 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттiк қызметшілері болып табылмайтын қызметкерлерінің мамандығы бойынша жұмыс өтiлiн есептеу ережесi және Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және еңбекақы төлеу ережесi бұзылып, екі қызметкердің санаты дұрыс есептелмей 6,0 мың теңгежалақы артық төленген.

2.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22.09.2000 жылғы №1428 «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасы шегіндегі іс–сапарлары жөніндегі ережені бекіту туралы» қаулысының 9-тармағы бұзылып жалпы сомасы 10,8 мың теңге артық төленген.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 03.08.2010 жылғы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі» нұсқаулығының 1-бөлім, 2-тармағы және 2-бөлім 5-тармағының талаптары басшылыққа алынбай, кәсіпорынның 01.01.2013 жылғы балансы мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп нұсқаулығы бойынша жасалып, тапсырылғандығы анықталды.

4. Бақылаумен қамтылған аралықта Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 6-бабының 2-тармағы және 7-бабының 1-тармағының талаптары басшылыққа алынбай, кәсіпорын тарапынан бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жасау үшін қолдануға қабылданған нақты принциптерді, негіздерді, ережелерді, тәртіп пен практиканы білдіретін Есеп саясаты бойынша бухгалтерлік есебі жүргізілмеген.

5. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №673 Қаулысының 4-тармағы мен Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарлары құрылымын, нысандарын, көрсеткіштер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы №52 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы №140 Бірлескен бұйрығына сәйкес байланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеуде, ұялы телефон байланысының шығыстарына шығындар жоспарланбасада, бақылаумен қамтылған кезеңде нақты түрде ұялы телефон байланыс қызметі үшін жалпы сомасы 51,6 мың теңге қаражат шығындалған.

6. Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы 4-бабының талаптары сақталмай, кәсіпорынмен мүдделi тұлғаларды ұйымның қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етілмеген.

Яғни, кәсіпорынның азық-түлік қоймасына түгендеу жүргізу барысында сомасы 13,6 мың теңгені құрайтын азық-түліктердің жетіспеушілігі және 0,3 мың теңгені құрайтын азық түліктер артық шыққан.

Дәрі-дәрмектерді сақтау қоймасына түгендеу жүргізу барысында жалпы сомасы 16,9 мың теңгені құрайтын дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі, 33,6 мың теңгені құрайтын дәрі-дәрмектердің артық шыққандығы және жалпы сомасы 257,4 мың теңгені құрайтын тауардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткендігі анықталды.

Сондай-ақ, негізгі құрал-жабдықтарды, жұмсақ, қатты және шаруашылық құрал-саймандарды сақтау қоймасына түгендеу жүргізу нәтижесінде жалпы сомасы 1,6 мың теңгені құрайтын негізгі құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі және жалпы сомасы 8,9 мың теңгені құрайтын негізгі құрал-жабдықтардың артық шыққандығы анықталды.

7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 27.01.1998ж. №30 «Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп нұсқаулық бекіту туралы» бұйрығының 38-тармағының талабы сақталмай, жалпы сомасы 929,5 мың теңгенің бейне бақылаумен салқындатқыштары, машиналар мен жабдықтары ретінде есепке алынбағаны анықталды.

8. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 47-бабы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы №1464 қаулысымен бекітілген Стационарлық көмек көрсету ережесі сақталмай, науқастар санымен ас мәзірі арасында жалпы сомасы 120,9 мың теңге айырмашылық анықталып, азық-түліктердің артық шығысталған.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының 28.02.2007 жылғы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңының 6-бабы 3-тармағы 3)-тармақшасының синтетикалық есепке алуды, талдамалық есепке алуға сәйкес келтіру қамтамасыз етілмеген.

9. Кәсіпорын бақылаумен қамтылған 2012-2014 жылдары аралығында мемлекеттік сатып алу барысында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №303-III мемлекеттік сатып алу туралы Заңы 34-бабының 1 тармағы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1301 Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесінің 142 тармағы, 7)-тармақшасы бұзылып жалпы сомасы 8 981,6 мың теңгегеөткізілген мемлекеттік сатып алулардың тиісті тәртіппен хаттамалары жасақталмаған.

10. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 44-1 бабының 3-тармағы мен 31.01.2011 жылғы №64 Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен және Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысының 9-тармағының талабы бұзылып, мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырылмай, өзге әлеуетті өнім берушілерден жалпы сомасы 1 237,6 мың теңгеге сатып алулар жүргізілген.

Бақылау барысында қабылданған шаралар

Бақылау барысында ұялы байланыс қызметін артық пайдаланғаны үшін 51,6 мың теңге, түгендеу барысында азық-түлік қоймасынан анықталған жетіспеушілік 13,6 мың теңге, дәрі-дәрмектер сақтау қоймасынан анықталған жетіспеушілік 16,9 мың теңге, негізгі құрал жабдықтар сақтау қоймасынан анықталған жетіспеушілік 1,6 мың теңге және іс-сапар шығындарын өтеу барысында артық төленген 10,8 мың теңге бюджетке өтелді.

Сонымен қатар, жалпы сомасы 929,5 мың теңгенің бейне бақылаумен салқындатқыштары, машиналар мен жабдықтары ретінде есепке алынып қалпына келтірілді.

 

Тексеру комиссиясының

мүшесі                                                                                А.И. Аменов

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы