17/05/2024  Жұма

Маңғыстау облыстық маслихаттың XIX - сессиясында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Мұрат Ешанкұлов Облыстық бюджеттің 2017 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды - есеп берді.

Есепте – бюджетке түсетін түсімдер және шығыстар, бюджеттік кредиттердің орындалуы, дебиторлық, кредиторлық қарыздардың туындауы және 2017 жылғы аудиторлық іс-шара нәтижелері туралы атап өтті.

Есепке сәйкес, Маңғыстау облысының 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, алдыңғы 2016 жылмен салыстырғанда жақсару жағына қарай едәуір өзгерген:

жалпы өңірлік өнім көлемі (ЖӨӨ) 2635,2 млрд.теңгені құрады немесе өсу қарқыны - 100,1%. 2016 жылы бұл көрсеткіш 99,9% -ды құраған;

өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 100,1% - ды, 2016 жылы бұл көрсеткіш - 96,9%;

ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты көлем индексі 108,2% - ды, 2016 жылы - 103,7%;

құрылыс жұмыстары көлемінің өсу қарқыны 100,1%-ды, 2016 жылы бұл көрсеткіш -100,0%;

пайдалануға берілген тұрғын үйлер санының өсу қарқыны 117,6%-ды (833 мың шаршы метр) құрады, 2016 жылы бұл көрсеткіш - 109,9%;

шағын және орта бизнес субъектілері санының өсу қарқыны 106,5 %, өткен 2016 жылы - 100,4 %;

негізгі капиталға инвестицияның нақты көлем индексі 81,3% дан 101% ға дейін, яғни 19,7% ға өскенін, яғни жақсы жағына өзгергенін атап өтті.

Облыс бойынша бюджет түсімдеріне жүргізілген талдау нәтижелерінде облыс бюджетінің соңғы 5 жылда жылма-жыл өсу қарқыны байқалып отыр.

2017 жылы түсімдер көлемі облыс бойынша 175 782,0 млн теңгені құраған.

Облыстық бюджеттің түсім жоспары 121 330,9 млн. теңгені құрап, нақты түсім - 117 930,3 млн. теңгеге немесе 97,2% -ға орындалған, 3 400,6 млн теңге түсім түспеген.

Ақтау қалалық бюджетінің түсімі - 92,2% -ға орындалған немесе 2 028,0 млн теңге түсім түспеген;

Мұнайлы ауданы бюджетінің түсімі - 98,9% - ға орындалған немесе 177,1 млн теңге түсім түспеген ;

Маңғыстау ауданы бюджетінің түсімі - 99,1 % - ға орындалған немесе 57,9 млн теңге түсім түспеген.

Қалған қала және аудандар бойынша жоспарланған түсімдер толық түскен.

Облыстық бюджет түсімдерінің орындалысы туралы нақтырақ айтқанда, түсімдердің орындалмауы негізінен, салықтық түсімдердің орындалмауына байланысты орын алған, оның ішінде:

Жеке табыс салығы бойынша жоспарланған түсімнің 1 159,2 млн теңгесі түспеген (96,7%);

Әлеуметтік салық бойынша - 1 439,0 млн теңге түспеген (95,5%);

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем бойынша - 1 123,5 млн теңге түспеген (51,5%).

Бюджет түсімдерінің толық көлемде түспеуі салдарынан:

1) бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмай, 2,8 млрд.теңгеге бекітілген бюджет шығыстарына секвестр жүргізілген;

2) жер қойнауын пайдалануышыларынан алдағы кезең үшін 2,9 млрд теңге аванстық төлем алынған;

3) Ақтау қалалық бюджетіне көзделген 1,5 млрд теңге кредиттер берілмеген;

4) 2,1 млрд. теңгеге кредиторлық берешек қалыптасқан;

5) төмен тұрған бюджеттерге берілуі жоспарланған - 257,0 млн теңге субвенция берілмеген; (Мұнайлы ауданына - 150 млн. теңге; Маңғыстау ауданына - 67,0 млн. теңге; Бейнеу ауданына -40,0 млн теңге берілмеген).

6) Мунайлы ауданына 111,4 млн. теңге мақсатты трансферттер берілмеген (51,5 млн теңге ағымдағы трансферттер, 59,9 млн теңге даму трансферттер).

7) республикалық бюджетке тиісті 167,2 млн. теңге - ағымдағы мақсатты трансферттер аударылмаған.

Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерге талдау жұмыстарының нәтижелері бойынша:

Соңғы 5 жылда республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттердің көлемі бір қалыпты деңгейде сақталған, ал даму трансферттерінде едәуір өсім байқалады. Нақты айтқанда 2017 жылы, даму трансферттерінің көлемі 26,2 млрд.теңгегені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайған.

Сондай-ақ, облыс бойынша бюджет шығыстарының көрсеткіштері келесі нәтижелерді көрсеткен:

- Ақтау қалалық бюджеті шығыстарының игерілуі - 90,4%- ды құрап, 2 513,7 млн теңге қаражат игерілмеген.

- Мұнайлы ауданының бюджет шығыстарының игерілуі - 98,7% ды құрап, 215,9 млн теңге қаражат игерілмеген;

- Маңғыстау ауданы бюджет шығыстарының игерілуі - 99,1% ды құрап, 62,4 млн теңге қаражат игерілмеген.

- Облыстық бюджеттің шығыстары 121 589,6 млн теңгеге бекітіліп, орындалысы - 118 141,1 млн теңге немесе 97,2%, игерілмеген қаражат 3 448,5 млн теңге. Соның ішінде:

- кредиттер 7 654,0 млн теңге көлемінде бекітіліп, 6 084,8 млн теңгеге игерілген немесе 79,4 %, игерілмеген қаражат 1 569,2 млн теңге. Бұл кредит, Ақтау қаласында екі инвестициялық әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін Ақтау қалалық бюджетіне беруге көзделген қаражат.

- қаржылық активтерді сатып алуға арналған шығындар 8 397,1 млн теңгеге бекітіліп, 100 % ға игерілген.

- шығындар 104 544,9 млн теңгеге бекітіліп, оның игерілуі 98,2%, игерілмеген қаражат 1 879,2 млн. теңге.

Бюджет шығындарының игерілмеуі бюджеттік бағдарлама әкімшілері: Жер қатынастары басқармасы (67,6%), Ішкі саясат басқармасы (84,8%), Ауыл шаруашылығы басқармасымен (88,1%) жол берілген.

Қаражаттың басым бөлігінің игерілмеуі Құрылыс басқармасы (400,5 млн теңге), Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (219,9 млн теңге), Ішкі істер органымен (187,7 млн теңге) жол берілген.

Кредиторлық және дебиторлық қарыздарды талдаудың нәтижелері.

2018 жылдың 01 қаңтар жағдайы бойынша кредиторлық қарыз 2,1 млрд теңгені құраған.

Берешек 2016 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге (01.01.2017 жылға – 1 349 127,9 мың теңге), ал 2015 жылмен салыстырғанда 8,3 есеге (01.01.2016 жылға – 254 553,0 мың теңге) көбейген. Кредиторлық қарыздардың пайда болуының басты себебі қолма-қол ақшаны бақылау шотында қаражаттың жеткіліксіздігі.

2018 жылдың 01 қаңтар жағдайы бойынша дебиторлық қарыз - 155, 5 млн теңгені құрады.

Облыстың дамыту бағдарламасының іске асырылуын талдаудың нәтижелері.

Бағдарламада 6 бағыт бойынша 34 бағдарламалық мақсат пен 180 нысаналы индикаторлар қарастырылған. 180 нысаналы индикаторладың, 130 нысаналы индикаторлары бойынша межеленген көрсеткіштерге қол жеткізілген немесе (72,2%), 30 нысаналы индикаторлар бойынша межеленген көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.Соның ішінде:

Экономика бағыты бойынша 19 нысаналы индикаторларға;

Әлеуметтік бағыт бойынша 5 нысаналы индикаторларға;

Қоғамдық қауіпсіздік бағыты бойынша 3 нысаналы индикаторларға;

Инфрақұрылым бағыты бойынша 2 нысаналы индикаторларға;

Мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік біріңғай саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру бағыты бойынша 1 нысаналы индикаторларға қол жеткізілмегенін атап өтті.

Сонымен бірге, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2017 жылы 29 (11 –қарсы бақылау) аудит объектілерінде жалпы сомасы 32 065 млн теңге бюджет қаражатын қамтитын аудиторлық іс-шаралар жүргізілгені, нәтижесінде 19 878,7 млн теңгеге (62%) бұзышылықтар анықталып, тиісті шаралар қабылданғаны, яғни 41,4 млн теңге, негізсіз пайдаланылған бюджет қаражаты бюджетке өндіріліп, 3 469,3 млн.теңгенің қалпына келтірілгенін, 16 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 8,8 млн.теңге айыппұл салынғандығы туралы айтып өтті. Қорытындылай келе, бюджет қаражатын мақсатты, тиімді пайдалануға және басқаруға ұсынымдар жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы