20/05/2024  Дүйсенбі

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесіжәне ведомстволық бағыныстағы мекемелерге бюджет қаражатының пайдаланылуының сәйкестігіне және қаржылық есептілігіне

жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ММ, «Психоневрологиялық интернат-үйі» ММ, «Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі» ММ, «Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі» ММ, «Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» мемлекеттік мекемелеріне тақырыптық бақылау жүргізілді.

Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен оған бағынышты мекемелерде жүргізілген тақырыптық бақылау нәтижесінде жалпы сомасы 1 184 959,0 мың теңгеге заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Атап айтқанда:

«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2014 жылға арналған бюджеттік өтінімді жасақтау барысында Басқарма автокөлігіне 294,5 мың теңгеге жанар жағар май тиісті нормадан артық жоспарланған.

«Психоневрологиялық интернат-үйі» мемлекеттік мекемесінде2012-2013 жылдарға мемориалды ордерлер – нысандар альбомының нысандары бойынша жинақтау ведомостерімен ресімделмеген және «Басты-журнал» кітабы тиісті тәртіппен жүргізілмеген.

Мекеме орынбасарларына бақылаумен қамтылған аралықта 567,3 мың теңге қосымша төлемақы Ережеге сай емес төленген және бір қызметкерге алынбаған тәртіптік жазасы бола тұра 30,0 мың теңге сыйақы негізсіз берілген.

Сонымен қатар, іс-сапар шығындарын өтеу барысында жалпы сомасы 25,5 мың теңге артық және 13,6 мың теңге кем төленген.

Негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында бастапқы құны 505,5 мың теңгені құрайтын ғимараттың жоқтығы анықталды және Қаржы басқармасының 29.12.2010 жылғы бұйрығы негізінде «Мамандандырылған емдеу профилактикалық мекемесі» МКҚК-на берілген бастапқы құны 7 686,1 мың теңгені құрайтын ғимарат бүгінгі күнге дейін тиісті тәртіппен есептен шығарылмаған.

Бюджет шығыстарының Экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы туралы Бұйрығының №2 қосымшасының талаптары сақталмай, жалпы сомасы 81,0 мың теңге автокөлік қызметі үшін 168–ҚҚС ерекшелігінен төленген.

Тиісті хұзырлы органнның рұқсатынсыз бастапқы баланстық құны 2 027,1 мың теңгені құрайтын 2 автокөліктің, яғни яғни көлік құралдарының техникалық куәліктерін Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті жол полициясы басқармасына тапсырып, аталған 2 автокөлікті Мекеме есебінде тұрсада жол полициясының есебінен шығарып тастаған.

2012 жылы Мекеме ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Апбас Нурбақыт» ЖШС-мен келісім шарт жасақталып, аталған серіктестік қосылған құн салығын төлеуші болмасада мекеме тарапынан қосылған құн салығы үшін жалпы сомасы 1 408,9 мың теңге негізсіз төленген.

Ғимаратқа ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттаманы жасақтау үшін «НурАман» ЖШС-гі жіңімпаз бола тұра, жалпы сомасы 350,0 мың теңгеге 2-ші жеңімпаз «Софипроект» ЖШС-мен келісім шарт жасасқан.

Сонымен қатар, жеңімпаз болып танылғанәлеуетті өнім берушілерді жосықсыз қатысушы деп тану үшін сотқа жүгінбеген.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 4 бабы 60 тармағы бұзылып жалпы сомасы 1 044,6 мың теңгеге жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын тауарлар сатылып алынған.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 39-бап, 1-тармағы сақталмай мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға өзгерістер енгізуге жол берілген. Яғни, холодильниктерге, кондиционерлер мен сплит системаларға сервистік қызмет көрсету үшін 2 жағдайда жалпы сомасы 626,0 мың теңгеге қосымша келісім шарттар жасақталған.

Негізсіз, конкурс бойынша Ерекше тәртіппен өткізілген мемлекеттік сатып алулардың жалпы сомасы 262 980,2 мың теңге.

«Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат-үйі» мемлекеттік мекемесіндебайланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеуде, байланыс қызмет түрі - ұялы телефон байланысының және қала аралық байланыс шығыстары жоспарланбай, бұл байланыстар түріне жалпы сомасы 27,3 мың теңге қаржы жұмсалған.

Бас есепшілердің жұмыстан босатылып жаңа есепші тағайындалу барысында тиісті тәртіппен жүргізілетін бухгалтерлік істерді тапсыру үшін қабылдап алу-беру актісі жасалмаған.

Мекеменің кредиторлық қарызы бола тұрса да, қызметкерлерге жалпы сомасы 2 335,6 мың теңге сыйақы берілген.

Көкөністерді сақтауға арналған қойманы жеткізу мен қондыру жұмыстары үшін жалпы сомасы 2 850,0 мың теңгеге Жеке кәсіпкер «Беглен»-мен келісім шарт жасақталған. Алайда, аталған кәсіпкерде Қазақстан Республикасының Лицензиялау туралы Заңы 33-бабының талаптары сәйкес тиісті лицензиясының жоқтығы анықталды.

Сондай-ақ, №30 Бухгалтерлік есеп туралы нұсқаулықтың 35 тармағының талабы сақталмай, аталған көкөніс сақтау 016 "Аспаптар, өндірістік және шаруашылық (иелігін қоса) құрал-саймандар" қосалқы шотына кірістелген.

Бақылаумен қамтылған аралықта №10,11,12,13-мемориалды ордерлер – нысандар альбомының нысандары бойынша жинақтау ведомостерімен ресімделмеген және Басты-журнал кітабы жүргізілмеген.

2013 жылдан 2014 жылдың қазан айы аралығында автокөліктерге жалпы сомасы 454,0 мың теңге жанар-жағар май нормадан артық шығысталған.

Түгендеу барысында мекеме балансындағы баланстық құны жалпы сомасы 628 307,5 мың теңгені құрайтын әр-түрлі жеке тұрған ғимараттарға (интернат ғимараты, моншалық-кір жуатын орын ғимараты, 2 көлікке арналған гараж, бақылау өткізу пункті), жеке түгендеу обьектісі болатындығына қарамастан, 1 түгендеу нөмері беріліп Есепке алынған

Сонымен қатар,09.10.2014 жыл жағдайына азық-түлік қоймасының күндізгі бөліміне түгендеу жүргізу барысында сомасы 191,5 мың теңгеге, ал қойманың интернат бөліміне түгендеу жүргізу барысында сомасы 3 200,6 мың теңгені құрайтын азық-түліктердің жетіспеушілігі және 39,5 мың теңгені құрайтын азық түліктердің артық шыққандығы анықталды.

Мекеменің қоймада тұрған тауарлы материалдық құндылықтарына түгендеу барысында жалпы сомасы 4 261,4 мың теңгені құрайтын киімінің тиімсіз, яғни өлшемдері келмей қоймада барлығы 818 дана әр түрлі аяқ киімдер мен киім кешектердің пайланылмай тұрғандығы анықталды.

Сонымен қатар, мекемеде жалпы сомасы 2 385,8 мың теңгені құрайтын әр-түрлі негізгі құралдар мен тауарлық материалдық құралдардың пайдаланылмай тұрғандығы анықталды.

Мекеменің қоймасына түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында 2014 жылы сатып алынғанжалпы сомасы 129,6 мың теңгенің 1320 дана «Tena» маркалы кішкене үшкіл жаялықтың (подгузник) 2005 жылы шығарылып сақталу мерзімі 2008 жылы өтіп кеткендігі анықталды.

Сондай-ақ, түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында шаруашылық бикесінің бөлмесінен сақталу мерзімі 07.07.2014 жылы өтіп кеткен жалпы сомасы 265,0 мың теңгенің 742 дана «babyx» атты балалар сусабынының (шампунь) тұрғандығы анықталды.

Түгендеу барысында жалпы сомасы 311,0 мың теңгенің 774 дана «Руские травы» атты балалар сусабынының (шампунь) жетіспеушілігі анықталды.

Мекеменің шаруа бикесінің кабинетінен есептен тыс жалпы сомасы 1 042,4 мың теңгенің арзан құнды және тез тозатын заттар артық шыққандығы анықталды.

Келісім шарт талаптарын ұстанбау салдарынан талап етілмеген тұрақсыздық айыппұл сомасы 2,6 мың теңге.

Мекеме орынбасарларына бақылаумен қамтылған аралықта 885,7 мың теңге қосымша төлемақы Ережеге сай емес төленген.

Білім туралы Заңының 39-бабы және Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесі бұзылып, нострификациялау туралы куәліктері жоқ үш адам тәрбиеші қызметтеріне қабылданып оларға жалпы сомасы 1 845,3 мың теңге еңбекақы есептеліп төленген.

Сонымен қатар, тиісті педагогикалық білімі жоқ «Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелерінің» маманы жұмысқа қабылданып жалпы сомасы 1626,3 мың теңге жалақы есептеліп, төленген.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы қаулысында қосымшасында стационарлық үлгідегі балалар психоневрологиялық ұйымдарында жүзу жөніндегі нұсқаушы қарастырылмасада, мекеменің штаттық кестесінде 1-бірлік жүзу жөніндегі нұсқаушы негізсіз бекітіліп, бюджеттік өтінімді жасақтау барысында жалпы сомасы 1600,7 мың теңге жоспарланып қаржыландырылған.

Іс-сапар шығындарын өтеу барысында жалпы сомасы 17,9 мың теңге артық төленген.

Мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында көзделмеген жалпы сомасы 158,0 мың теңгеге жылыту жүйесіне тексеру қызметін сатып алған

Сонымен қатар, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындысына орай жалпы сомасы 963,1 мың теңгеге (әрқайсысы 240,7 теңгеден) 4 дана компьютер комплектілерін сатып алуға келісім шарт жасақталған. Алайда, мекеме тарапынан әр қайсысы 268,4 мың теңгеден өсіріңкі бағамен жалпы сомасы 536,9 мың теңгеге тағы да 2 дана компьютер комплектілерін сатып алу үшін қосымша келісім жасақтаған.

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 69-бап және 2 тармақшалырының талаптары бұзылып, медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткiзуге тиісті лицензиясының жоқ мердігерлерден жалпы сомасы4 026,6 мың теңгеге әр-түрлі дәрі дәрмектер сатып алынған. Сонымен қатар, жалпы сомасы 136,3 мың теңгенің дәрі дәрмектерін жылдық жоспарда жоспарланған бағаларынан аса жоғары бағалармен сатып алынған.

Мекеме тарапынан 2012-2013 жылдарға дәрілік формуляр мүлдем жасақталмаған және дәрілік формуляр қалыптастыруды және мекеменің дәрілік заттарға қажеттілігін анықтауды ұйымның формулярлық комиссиясы тиісті тәртіппен құрылмаған. 2012-2013 жылдары мекеме тарапынан тиісті критериелерді анықтамай жалпы сомасы 4 561,5 мың теңгеге әр-түрлі дәрі дәрмектер сатып алынған.

Мекеменің кір жуатын машаналарына жөндеу жұмыстарымен техникалық қызмет көрсетпегені үшін жеке кәсіпкерге негізсіз 30,1 мың теңге төленген.

«Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйі» мемлекеттік мекемесіндебайланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеуде, байланыс қызмет түрі - ұялы телефон байланысының және қала аралық байланыс шығыстары жоспарланбай, бұл байланыстар түріне жалпы сомасы 24,6 мың теңге қаржы жұмсалған.

2013 – 2014 жылдар аралығына жалпы сомасы 2,3 мың теңгеге жанар жағар майдың тиісті нормадан артық пайдаланылып шығысталған.

Жалпы сомасы 5 200,0 мың теңгенің жобалық-сметалық құжаттамасы өзге активтері ретінде есепке алынбаған.

2012-2014 жылдары Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардан мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылмай, өзге әлеуетті өнім берушілерден жалпы сомасы 5 138,5 мың теңгеге сатып алулар жүргізілген.

Негізсіз, конкурс бойынша Ерекше тәртіппен өткізілген мемлекеттік сатып алулардың жалпы сомасы 223 578,2 мың теңге.

«Маңғыстау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесіндебайланыс қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеуде, байланыс қызмет түрі - ұялы телефон байланысының және қала аралық байланыс шығыстары жоспарланбай, бұл байланыстар түріне жалпы сомасы 26,3 мың теңге қаржы жұмсалған.

Мекеме тарапынан 2012-2013 жылдарға дәрілік формуляр мүлдем жасақталмаған және дәрілік формуляр қалыптастыруды және мекеменің дәрілік заттарға қажеттілігін анықтауды ұйымның формулярлық комиссиясы тиісті тәртіппен құрылмаған. 2012-2013 жылдары мекеме тарапынан тиісті критериелерді анықтамай жалпы сомасы 4 536,1 мың теңгеге әр-түрлі дәрі дәрмектер сатып алынған.

Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 33–бабы және 34-бабы талаптары сақталмай, сомасы 7 877,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама жасақталмаған.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы