17/05/2024  Жұма

Ағымдағы жылдың 1 маусымында Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Жетібай ауылдық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы өтті.

Сәйкестік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 17 257,4 мың теңге бұзушылық, оның ішінде 16 886,5 мың теңге рәсімдік бұзушылық, 370,9 мың теңге.

ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.03.2015 ж. № 249 бұйрығымен бекітілген «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау қағидаларының»4, 6 тармақтарының талаптары сақталмай, Кәсіпорынның даму жоспарында сапа және тиімділік көрсеткіштерін қамтитын санмен өлшенетін түйінді көрсеткіштер, қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері көрсетілмеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 Қаулысымен бекітілген Қағиданың 144-тармағының талаптары сақталмай,тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті түрде бірыңғай дистрибьюторға өтінім беру арқылы алынуы көзделген бірыңғай дистрибьютордың тізіміне кіретін жалпы сомасы 8 106,11 мың теңге құрайтын медициналық техникалар өзге өнім берушілерден сатып алынған.

Қағиданың 2-тармағы, 10-тармақшасының талаптары сақталмай,медициналық мақсаттағы бұйымдарға жатпайтын жалпы сомасы 692,0мың теңгеге дизенфекциялық хлор мен сабындарды сатып алуға келісім-шарт жасалған.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

Мемлекеттік аудит объектісіне аудиторлық іс-шара нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтарына жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау туралы нұсқама, бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы тиісті ұсыныстарды қамтитын аудиторлық қорытынды жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы