20/05/2024  Дүйсенбі

«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік

мекемесі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналастыру үшін

конкурс жариялайды

«Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» Ақтау қаласы, 14ш/а,№1 ғимарат облыс әкімдігі 3-қабат, 331 бөлме.

Анықтама алу үшін телефондар:335223, факс:335218, электрондық адрес: rev.komissiya@list.ru.cайт: esep-mangistau.gov.kz

·                    Талдау жұмысы бөлімінің бас маманы (D-4 санаты) -1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 71 750,72 теңгеден 96 735,34 теңгеге дейін

Функционалдық міндеттері:

Талдау жұмысы бөлімінің бас маманы:

Бақылау-іс шараларын жүргізуге қатысу және ол бойынша материалдарды рәсімдеу.  Тексеру комиссия бақылау қызметі нәтижелері бойынша есептілік құру және талдау. Бақылау материалдарының қаржылық стандарттарға сәйкестілігіне және тексерушілердің нормативтік–құқықтық актілерді дұрыс қолдануларына сараптау жүргізу.   Басшылықтың баяндамасына керекті мәліметтерді әзірлеу. Тексеру комиссия басшылығы белгілеген басқа да міндеттерді атқару.

  Конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талабы:

Жоғары-әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит) немесе құқық  (құқықтану, халықаралық құқық).

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1. мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

4) ғылыми дәрежесінің болуы.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»,  «Қазақстан РеспубликасыныңПарламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конститутциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы»,«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы  нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының  нормативтік құқықтық актілерін,  «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты  стратегиясын  білуі.

    Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

    Конкурс республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында (28.03.2013ж. «Егемен Қазақстан», 28.03.2013ж. «Казахстанская правда» газеттерінде, (www.kyzmet.gov.kz) жарияланған, бос мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуға конкурс өткізу Қағидасы негізінде өткізіледі.

     Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар, конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде, мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі:

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы

№907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) Құжаттарды тапсыру сәтінде шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат (немесе нотариатты куәландырылған көшірмесі).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабардар етілген күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде өтеді. Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды (БАҚ, «Нұр-Отан» партиясы МОФ  өкілдері) қатыстыруға жол беріледі. (№ 331 бөлме, cайт: esep-mangistau.gov.kz

 

 

130000 Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,

14ш/а, облыс әкімдігінің ғимараты

№1 үй, 3қабат, 331 бөлме,e-mail: rev.komissiya@list.ru

Мына телефон/факс арқылы анықтама алуға болады:

335218, 335223

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы