05/05/2024  Жексенбі

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанда өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Мемлекеттік аудит объектісінде сәйкестік аудиті «Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақтауын тексеру» базалық көрсеткіші негізінде жүргізілді.

Мемлекеттік аудит объектісі қызметіндегі негізгі бұзушылықтар мен кемшіліктер бюджет қаражатын пайдалану кезінде және басқа да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын жүзеге асыру барысында орын алған.

«Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінгенқаржысының орындалуына жүргізілгенмемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 25 623,12 мың теңге бюджетке қайтарылуға және қалпына келтірілуге жататын қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде:

- бюджетке өтелуге жататыны – 5 566,62 мың теңге;

- қалпына келтірілуге жататыны – 20 056,5 мың теңге.

Сонымен бірге, саны 7 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған. Аудиторлық іс-шарамен қамтылған мемлекеттік аудит объектісінде келесідей бұзушылықтар анықталды:

- аудитпен қамтылған кезеңде бюджеттік бағдарламалар бекітілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің веб-сайтында орналастырылмаған және бюджеттік бағдарламалардың басшылары тиісті бұйрықтармен айқындалмаған;

- 2017 жылы «Маңғыстау жылу, су» МКК-на жарғылық капиталды ұлғайтуға бөлінген қаражаттың 12 806,0 мың теңге сомасының көзделген нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін бағытталуы және пайдаланылуы қамтамасыз етілмеген;

- орындалған жұмыстарды тексеріп қарау барысында жол белгілерінің 30 данасының және 17 дана кабельдің бағытын көрсететін бағаналардың жетпейтіні анықталды;

- сонымен қатар, тапсырыс берушімен сметалық құжаттамаларда көрсетілген уақытша имараттардан қайтаруға жатқызылатын жалпы сомасы 5 566,62 мың теңге бюджет қаржысының мердігерлермен қайтарылуы қамтамасыз етілмеген.

Мемлекеттік аудитпен анықталған бұзушылықтардың басым бөлігі Мекеменің лауазымды тұлғаларымен орындалған жұмыстарды қабылдау тиісті талаптарға сай жүргізілмеуі, яғни, орындалған жұмыс актілерін рәсімдеу формальді түрде жасалуы себепті орын алғанын көрсетеді.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы