26/04/2024  Жұма

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатының және активтерінің пайдаланылуының сәйкестігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 7701,1мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның ішінде - 7551,0 мың теңге бюджетке өтелуге және 150,0мың теңге қалпына келтіруге жатады, сондай-ақ, бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2012 жылы құрылған «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін басқару жоспарсыз жүзеге асырған. Заң талабына сәйкес Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан мекеменің басқару жоспары жасалып, бекітіліп берілмеген, сондай-ақ, осы кезеңге (уақытқа) дейін жергілікті өкілді және атқарушы органдар тарапынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану бойынша төлем ставкалары белгіленіп, тарифтер мөлшері күні бүгінге дейін бекітілмеген.

- еңбекақы бойынша жалпы сомасы 6720,4 мың теңгені құрайтын артық жалақы төленген.

- 2 жағдайда жалпы сомасы 181 мың теңгеге еңбек ақы есебінен негізсіз акша аудару фактісі анықталды.

-бюджеттік өтінімде кейбір жоспарланған шығыстардың есептеулері тиісті құжаттармен негізделмеген.

- мемлекеттік активтерді түгендеуде 150,0 мың теңгенің мүлік жетіспеушілігі анықталды.

- 2015 жылы «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы аясында алынып, берілген 2 дана күн станциясы бухгалтерлік есепке алынбаған.

-мемлекеттік сатып алу процесі бойынша мемлекеттік сатып алудың сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуде және қызмет көрсету бойынша тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасауда мемлекеттік сатып алу заңының талаптары бұзылуына жол берілген.

-қаржылық есептілікте бұрмалану анықталды, сондай-ақ, бухгалтерлік есепке алуды жүргізуде бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берілген.

Анықталған бұзушылықтың басым бөлігі қызметкерлерге еңбекақы, қосымшаақы мен үстемеақылар есептеу мен төлеуде, сондай-ақ, активтер мен мен қорларды есепке алу және есептен шығару, іс сапар шығындарын өтеу, түгендеу жүргізуде орын алған.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысандарына ұсынымдар мен бұзушылықтарды жоюға және бұзушылықтарға жол берген адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалары жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы