19/05/2024  Жексенбі

1. Жаңаөзен қаласының 2014 жылғы бюджетінің атқарылуын бағалау мақсатында жүргізілген бақылаудың нәтижелері бойынша дайындалған Қорытынды бекітілсін.

2. Жаңаөзен қаласының әкімі (Трұмов С.Ө.):
1) Жаңаөзен қаласын дамыту бағдарламасында жоспарланған мақсаттарға, міндеттер мен нәтижелерге қол жеткізу, жергілікті бюджетті кірістер мен шығыстары бойынша қалыптастыру және атқару барысында жол берілген кемшіліктерге назар аударсын;
2) анықталған бұзушылықтарға жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.

 3. Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 2015 жылдың 1 мамырына дейін:
1) бақылаумен анықталған бұзушылықтарды жою және алдын алу бойынша шаралар қабылдасын;
2) анықталған бұзушылықтарға жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.
4. Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі 2015 жылдың 1 мамырына дейін:
1) бақылаумен анықталған бұзушылықтарды жою және алдын алу бойынша шаралар қабылдасын;
2) қалпына келтірілуге (өтелуге) жататын жалпы сомасы 537,7 мың теңге бұзушылықтардың бюджетке өтелуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
3) анықталған бұзушылықтарға жауапты лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады.
5. «Жаңаөзен мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесіне  қалпына келтірілуге (өтелуге) жататын жалпы сомасы 537,7 мың теңге бұзушылықтардың бюджетке өтелуін қамтамасыз ету жөнінде ұсыным дайындалып, жолдансын.
6. Қаулыда көрсетілген бақылау объектілерінің басшылары Қаулының орындалуы туралы ақпаратты 2015 жылдың 1 мамырына дейін Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына ұсынулары тиіс.
7. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 140-бабының 1) тармақшасы мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 16.04.2013 ж. № 3-НП нормативтік қаулысымен бекітілген «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасының» 3-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, тексеру комиссиясының қаулысы орындалуға міндетті.
8. Осы қаулының орындалуын қадағалау тексеру комиссиясының мүшесі Е.Гапуовқа жүктелсін.

 

Тексеру комиссиясының
төрағасы                                                                             Нысанбаев М.Ө.

 

Бақылау нәтижесі бойынша қорытындыдан
үзінді

Бақылаудың мақсаты: Жаңаөзен қаласының 2014 жылғы бюджетінің атқарылуын бағалау.
Бақылау объектілері:
1) «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (тақырыптық бақылау);
2) «Жаңаөзен қалалық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (тақырыптық бақылау).
Негізгі (талдамалық) бөлік
Жаңаөзен қаласының 2014 жылғы бюджетінің атқарылуын бағалау мақсатында жүргізілген бақылау іс-шараларымен келесідей Қазақстан Республикасының заңнама талаптарының бұзушылықтары анықталды:
1-тармақ. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағының талабы сақталмай, 2014 жылдың ІІ тоқсаны ішінде жергілікті атқарушы органның бастамашылығы бойынша жергілікті бюджетті 2 рет нақтылауға жол берілген.
2-тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 11.10.2010 ж. № 506 бұйрығымен бекітілген «Бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесінің» 4-тармағына сәйкес 303202 «Жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлемі» БСК-ы бойынша бюджет кірістерінің түсімдері болжанып, жоспарланбағанымен, 2014 жыл ішінде 303202 БСК-ы бойынша жалпы сомасы 326,2 мың теңге қаржы бюджетке түскен.
101201 «Жеке табыс салығы» БСК-ы бойынша жоспар 4 092,3 мың теңге көлемінде бекітіліп, 4 981,2 мың теңге түсімдер бюджет кірісіне түскен. Ал 103101 «Әлеуметтік салық» БСК-ы бойынша жоспар 3 974,6 мың теңге болып бекітіліп, 4 820,2 мың теңге бюджетке түскен.
3-тармақ. ҚР Бюджет кодексінің 67-бабының 12-тармағына сәйкес, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есептің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Алайда «Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-мен 2014 жылға жасалған бюджеттік өтінімге жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негізгі бағыттарын, мәлімделген бюджеттік бағдарламалардың қысқаша сипаттамасы мен баяндалуын, базалық шығыстарды ұлғайту негізділігін, нәтижелердің қол жеткізілген көрсеткіштерінің талдамасын, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттік өтінімнің құрамына енгізілген бюджеттік бағдарламалар бойынша ауытқулардың себептерін қамтитын түсіндірме жазба ұсынылмаған.
Сонымен бірге, жалпы сомасы 284 209,0 мың теңге 032 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының 418 «Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру» ерекшелігі бойынша жоспарланған шығыстардың есептеулері және шығыстарды негіздеу үшін шарттардың көшірмелері, прайс-парақтары ұсынылмаған.
Сол сияқты заң бұзушылығы «Жаңаөзен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің бюджеттік өтінімінде де орын алған, яғни, түсіндірме жазба мен 152 «Байланыс қызметтерiне ақы төлеу» ерекшелігі бойынша – 34,0 мың теңге, 414 «Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу» ерекшелігі бойынша – 2 030,0 мың теңге және 432 «Жолдар салу» ерекшелігі бойынша – 1 023 371,0 мың теңге сомада жоспарланған шығыстардың есептеулері ұсынылмаған.
Сонымен ҚР Бюджет кодексінің 4-бабымен көзделген бюджет жүйесінің негізділік принципінің бұзылуына жол берілген.
4-тармақ. ҚР Бюджет кодексінің 32-бабының талаптары сақталмай, Қызылсай ауылы әкімінің аппаратының (ББӘ 123) 040 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы тікелей нәтиже көрсеткіштерінсіз, сапасыз әзірленген.
Сонымен қатар, қала бюджетіне жасалған түзетулер кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары уақытылы өзгертіліп, қайта бекітілмеген.
5-тармақ. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 24.11.2014 ж. № 34/267 шешіміне және Жаңаөзен қаласының әкімдігінің 27.11.2014 ж. № 970 қаулысына сәйкес, 487 085 «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 464 637,4 мың теңге бөлінген, оның ішінде: 011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен» - 444 748,4 мың теңге, 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» -  19 889,0 мың теңге.
Алайда, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 42-бабының талаптары бұзылып, жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру жоспарланған шығыстардың ішінен жалпы сомасы 807,2 мың теңге республикалық бюджет есебінен жүргізілгендігі анықталды.
Атап айтқанда, бюджеттік бағдарлама әкімшісі болып табылатын «Жаңаөзен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Қызылсай ауылының автомобиль жолдарының құрылысы» жобасының авторлық қадағалау жұмысына 684,1 мың теңге, «Жаңаөзен қаласының «Мамыр» (Арай-2) шағынауданындағы темір жол депосына баратын автомобиль жолының құрылысы» жобасының авторлық және техникалық қадағалау жұмыстарына 123,1 мың теңге аударылған.
Мекеме басшысының 02.12.2014 ж. № 01-13/1246 хатына орай, Қазынашылық басқармасымен кассалық шығыстар тасымалданып, қалпына келтірілген.
6-тармақ. 2014 жылы қалыптасқан кредиторлық берешек сомасы 13 216,9 мың теңгені құрайды.
Кредиторлық берешек ҚР Үкіметінің 26.02.2009 ж. № 220 қаулысымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің» 157-2 тармағына сәйкес, қолдану мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар бойынша шарттың жалпы сомасынан бес пайызды ұстауды мемлекеттік мекеме объектіні аяқтаудың соңғы жылында жүргізетіндігі ескерілмей, Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің № 2 орта мектебі мен № 12 бастауыш мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстарына жасалған келісім-шарттар бойынша ұсынылған жұмысты орындау актілер сомасынан 5 % көлемде ұстап қалу себепті құралған: № 2 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге «Аңсар» ЖШС-мен жасалған 29.05.2014 ж. № 50 келісім-шарт бойынша – 6 558,2 мың теңге, №12 бастауыш мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге «Измукшир строй стандарт» ЖШС-мен жасалған 19.06.2014 ж. № 52 келісім-шарт бойынша – 6 658,7 мың теңге. Күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі алдағы қаржы жылына өтпелі болып табылады.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 4-бабында көрсетілген тиімділік принципі сақталмағаны анықталды.
7-тармақ. Бюджеттік бағдарламалардың орындалысын бағалау барысында келесідей кемшіліктер анықталды:
- Білім беру бөлімімен 464.067 «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының міндеті толық орындалмаған, яғни, «Солнышко» балабақшасының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты 7700,0 мың теңге қаржы игерілмеген;
- Сәулет және қала құрылысы бөлімімен 468.001 «Жергілікті деңгейдегі сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтижесіне қол жеткізілмеген, яғни, «АrcGIS» электрондық форматта карта жасалмаған – 1 651,0 мың теңге;
- Қызылсай селосы әкімінің аппаратымен 123.040 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасының жоспарланған іс-шаралары толық орындалмаған, яғни, 1 100,0 мың теңгеге телефонизацияның авторлық және техникалық қадағалауы үшін келісім-шарттары жасалмаған;
- Жаңаөзен қаласы әкімінің аппаратымен 122.001 «Ауданның (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының сапа көрсеткіші орындалмаған, яғни, қаржы 93,6% игерілген (газ тұмшалары уақытылы жойылмаған – 1 400,0 мың теңге); 122.003 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығындары» бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген, яғни, 252 дана газ тұмшалары уақытылы сатып алынбаған – 1 000,0 мың теңге;
- Дене шынықтыру және спорт бөлімімен 465.004 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген, яғни, 1 дана автөлік құралы уақытылы сатып алынбаған – 2 000,0 мың теңге;
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 451.001 «Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының тікелей нәтижесіне ішінара қол жеткізілмеген, яғни, «Ардагерлер үйінің» ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу процедуралары кеш жүргізілген –  13 000,0 мың теңге.
Нәтижесінде ҚР Бюджет кодексінің 32-бабының талаптары бұзылып,                 4-бапта көрсетілген бюджет жүйесінің нәтижелілік қағидаты және Қазақстан Республикасы Президентінің 18.06.2009 ж. № 827 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығының 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нәтижелілік және тиімділік қағидаттары сақталмағаны анықталды. 
8-тармақ. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 08.10.2014 ж. № 767 «Шұғыл шығындарға қаралған резервтік қорынан қаражат бөлу туралы» қаулысының негізінде шұғыл шығындарға қаралған резерв есебінен «Арай» шағын ауданындағы «Жаңаөзен мектеб-лицейі» мемлекеттік мекемесінің сарқынды су шығаратын (канализация) жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4 904,2 мың теңге бөлінген.
Кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу құнының сметалық есептемесіне сәйкес жұмыстардың жалпы сомасы 4 904,2 мың теңгені құрайды, оның ішінде: қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасы – 525,45 мың теңге және қайтаруға жатқызылатын сома – 12,29 мың теңге.
«Жаңаөзен мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі мен «Өрлеу-2012» ЖШС арасында жалпы сомасы 4 904,2 мың теңгеге кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу қызметін көрсетуге 20.10.2014 ж. № 66 санды келісім-шарт жасалған.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің «www.salyk.kz» адресі бойынша орналасқан интернет-ресурсының «Интерактивтік сервистер» бөлімінің «Қосымша құн салығын төлеушілерді іздестіру» режимінен іздестіру барысында «Өрлеу-2012» ЖШС-нің ҚҚС-н төлеушіге жатпайтындығы анықталды.
Алайда, «Өрлеу-2012» ЖШС-нің 525,45 мың теңге ҚҚС-ы көрсетілген 10.11.2014 ж. № 03 шот-фактурасына сәйкес 4904,2 мың теңге қаражат толық аударылған.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының 10.12.2008 ж. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 228-бабының және 263-бабының 3-тармағының талаптары сақталмай, «Жаңаөзен мектеп-лицейі» ММ-сі тарапынан сметалық құжаттамадағы ҚҚС-на қаралған 525,45 мың теңге «Өрлеу-2012» ЖШС-не негізсіз төленгендігі және сметалық құжаттама бойынша  қайтаруға жататын 12,29 мың теңге Орындаушы тарапынан қайтарылмағаны, яғни бюджет қаржысы артық төленгендігі анықталды.  

 

Тексеру комиссиясының мүшесі                                                      Гапуов Е.Г.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы