08/05/2024  Сәрсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңдылықтар нормаларының сақталмауынан 371,9 мың теңгенің жалпы бұзушылықтары анықталды: оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 364,4 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар саны 9 бірлік және тиімсіз жоспарланған қаражат көлемі 7,5 мың теңге.

Анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер мемлекеттік аудит нысанымен бюджет заңнамасының және мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарының, сондай-ақ бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібінің тиісті дәрежеде сақталмауы себепті орын алып отыр. Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар фактілері Мекеменің лауазымды тұлғаларының өз міндеттеріне жауапты қарамағанын көрсетеді.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы