02/05/2024  Бейсенбі

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында, «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

2016-2020 жылдарға арналған Мұнайлы ауданын дамыту бағдарламасымен 2018 жылы жоспарланған 76 іс-шараның 69-ы орындалып, 7 -уі орындалмаған, 63 нысаналы индикатордың 60- орындалып, 3 индикатор орындалмаған.

Мұнайлы ауданының 2018 жылы аумақты дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу тиімділігі 2 базалық көрсеткіш, 3 арнайы көрсеткіш арқылы бағаланды, нәтижесінде:

аумақты дамыту бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаржысының пайдалану тиімділігі - 93,5%;

аумақты дамыту бағдарламасының әрбір бағыты бойынша белгіленген міндеттердің нәтижелілігі –96,3% - ды құрады.

Іс - шараның орындалмауына,мақсатты индикаторларға қол жеткізілмеуіне облыстық бюджеттен 1 034,5 млн. теңге (10,8%) субвенцияның түспеуі өз әсерін берген.

Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру барысында және жасақтауда,Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының тиісті талаптары сақталмаған.

Отырыста аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданып, Мекеме басшысының атына нұсқама жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы