02/05/2024  Бейсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында 2019 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес «Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» (бұдан әрі – Мекеме) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1043,5 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 299,5 мың тенгеге бюджет қаржысының тиімсіз пайдаланылу және 66 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит объектісінде 009,011 бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдер жасауда бұзушылықтарға, сондай-ақ, 011 бюджеттік бағдарламаның мазмұнына қойылатын талаптары сақталмай, бағдарлама мақсатына сәйкес келмейтін жұмыстардың жүргізілуіне жол берілген.

-сонымен қатар, жалақыға үстемақы қосып есептеуде артық есептеу, іссапар шығыстарын өтеуде негізсіз төлемдер орын алған, сондай-ақ,есепті жылдың аяғында қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша резерв есептеу жүргізілмеген.

-негізгі құралдар мен қорларға жургізілген тугендеу нәтижесімен активтер мен қорлар артықшылығы анықталды.

Бухгалтерлік есепке алуды жүргізу анық, шынайы жүргізілмеуінен,яғнибухгалтерлік есепке алуды уақтылы және нақты жүргізбеу салдарынан аванстық есептер бойынша есеп беретін тұлғаларға қатысты кредиторлық берешектер,активтер,қорлар қалдықтары бухгалтерлік есепте және баланста көрсетілмеуіқаржылық есептіліктің бұрмалануына әкеп соқтырған.

Сондай-ақ, мемлекеттiк сатып алу Заңның талаптары сақталмау фактілері орын алған.

Аудит объектісінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің басым бөлігі бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауда жол берілген, себебі мекемеде есепшінің жиі ауысуы, есепші- мамандардың өз міндеттерін тиісті түрде орындамауы немесе нормативтік құқықтық актілерді жетік түрде меңгермеуінен орын алған, сол сияқты Мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілері жауапты қызметкердің заңнаманы сақтамауы немесе білімінің жеткіліксіздіне байланысты.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.Мемлекеттік аудит объектісіне Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы