19/05/2024  Жексенбі

2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын және  коммуналдық меншіктегі объектілерді басқару тиімділігіне жүргізілген бақылаудың нәтижесі туралы

        Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың   4 мамырдағы отырысында «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Басқарма) 2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын және  коммуналдық меншіктегі объектілерді басқару тиімділігіне жүргізілген бақылаудың нәтижесі қаралды.

 Жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаумен 750464,7 мың теңгеге бюджет қаржысы,  11 891 907,4 мың теңгеге мемлекеттік активтер қамтылып, бақылаудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы  11 891 907,4 мың теңгеге активтерді пайдалануда бұзушылықтар  анықталды.
Атап айтқанда, бақылаумен қамтылған кезең аралығында Басқарма тарапынан коммуналдық мүліктің мақсатты және тиімді пайдаланылуына тиісті дәрежеде бақылау жасалмаған.
Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру кезінде алу-беру актілерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес уақытылы жасалмаған.
Басқарма облыстық коммуналдық меншік объектілерін жалға беруде, 100 шаршы метрден асатын коммуналдық меншік объектісін  тендер өткізбей, мүліктік жалға берілген.
Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көктем» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорнының  Жарғысында көрсетілген қызметіне сай келмейтін мүліктердің балансында тұрғандығы анықталды. 
Кәсіпорын есебіндегі Ақтау қаласындағы 4 шағын ауданда орналасқан, алаңы 60 шаршы метр болатын «кафені» азық-түлік дүкені ретінде бүгінгі күнге дейін, Баланс ұстаушысының келісімінсіз және коммуналдық мүлік жөніндегі уәкілетті органның шешімінсіз белгісіз тұлғалар пайдаланып отырғаны анықталды.
Жергілікті атқарушы органдармен республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттерді және даму трансферттерін пайдалануда, Бюджет кодексінің негізділік, уақытылылық принциптері сақталмаған.        
Орын алған бұзушылықтардың басты себептері Басқарма өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласында функцияларын тиісті дәрежеде атқармай отырғандығы және мемлекеттік кәсіпорындар мен олардың мемлекеттік басқару органдары арасындағы өзара байланыстың болмауы болып табылады.
Отырыстың қорытындысы бойынша бақылау объектісіне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша шешім мен ұсыныстардан тұратын және бұдан әрі оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға қаулы мен ұсынымдар жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы