02/05/2024  Бейсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысындаМаңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық медициналық колледжі» ШЖҚ МКК-да бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдаланудың сәйкестігіне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 1 435,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар және бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Кәсіпорынның таза табысының тиесілі бөлігі уақтылы облыстық бюджетке аударылмаған.

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралызаңнамалардың сақталмауынан: жарғылық капитал көлемі, кредиторлық берешек қаржылық есептілік бұрмаланып көрсетілген, есеп саясаты бекітілмеген.

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) шарты бойынша қаржы тиісті бюджетке түспеген.

Кәсіпорын білім беру объектісі ретінде санитариялық-эпидемиологиялық, білім беру ұйымдарын жабдықтармен жиһазбен жарақтандыру нормаларыныңталаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орындау бойынша шарттар жасау барысында Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасымен қызмет түрі бірлігі анық таңдалмаған.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін 4 (төрт) тиісті мемлекеттік органға іс материалдар және Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментіне 1 (бір) метариал шешім қабылдау үшін жолданды.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

Бұзушылықтарды жоюға және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардыңжауаптылығын қараутуралы нұсқама жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы