26/04/2024  Жұма

Ағымдағы жылдың  27 ақпанында өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында, «Маңғыстау аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жергілікті бюджетті жоспарлау мен атқарудың тиімділігін бағалауға жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

2016-2020 жылдарға арналған Маңғыстау ауданын дамыту бағдарламасымен 2019 жылы жоспарланған 43 іс-шараның 1-уі орындалмаған,33 нысаналы индикатордың 3 индикаторы орындалмаған.

Маңғыстау ауданының 2019 жылғы жергілікті бюджетті жоспарлау  және атқарудың тиімділігі 2 базалық көрсеткіш, 4 арнайы көрсеткіш арқылы бағаланды.

Аудандық бюджеттің түсімі - 100,1 % -ға орындалған, оның ішінде кірістердің орындалысы 99,8 %-ды құрады,негізгі орындалмағаны

1) жер салығы, орындалысы -93%;

2 )жергілікті бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар - 79,8%;

3) мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер - 71,4%.

Облыстық бюджеттен 190 000,0 мың теңге трансферттің бөлігі түспеген.

Шығыстардың орындалысы 99,8 %-ды құрады,оның ішінде шығындардың орындалысы -99,8 %.

Аудандық бюджеттің орындалуы салықтық түсімдердің артық түсуі есебінен қамтамасыз етілген.

Бюджетті болжамдау, жоспарлау және орындалуы барысында Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 64 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» бұйрығының тиісті талаптары сақталмаған.

Отырыста аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданып, Мекеме басшысының атына нұсқама жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы