26/04/2024  Жұма

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында  Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаты және аудит объектісі басшылары мен жауапты тұлғалардың  қатысуымен Каспий» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на қызметінің тиімділігіне  жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы 19054,5 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 399 185,5 мың теңгеге активтердің  тиімсіз пайдаланылуы және  12 бірлік  рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.        

            Даму жоспарының орындалысы жөніндегі 2018 жылғы есебі  бойынша көрсеткіштер  орындалысы  51,6 %-ды құраған,бұл  Қоғам қызметі бойынша жоспарланған міндеттерді тиісті деңгейде орындамағандығын көрсетеді.

            2018 жылғы есептілік кезеңінде Қоғам кірістері көлемі азайып жоспарға шаққанда орындалысы 26,8 % немесе  132 838 мың теңгені құрайды,  ал 2016-2017 жылдармен салыстырғанда 2018 жылы кіріс көлемі едеуір азайып кеткен  (2017 жылғы кірістің 6,9%-ы, 2016 жылғы кірістің-10,8%-ықұраған).

            Қоғамның шығыстар көлемі  ұлайып,  яғни 4 288 862 мың теңгені құрап, 2016-2017 жылдармен салыстырғанда шығыстар көлемі 2 есе көбейген.

            2018 жылғы қаржылық есептілік қорытындысы бойынша  Қоғам 4 156 024,0 мың теңге көлемінде  шығынмен (убыток) аяқтаған. Шығын (убыток) көлемі жылдан жылға өсіп отырған. Қоғам соңғы үш жылды шығынмен аяқтаған.

             2018 жылдың даму жоспарының орындалуы бойынша есебі директорлар кеңесінде қаралып, бекітілмеген, Қоғамның есеп саясатына 10 жыл ішінде бірде бір өзгеріс енгізілмеген, қоғамның теріс қаржылық жағдай кезінде сыйақы, материалдық көмектер төлеуге, штаттан тыс қызметкерлер санын өсіруге жол беріліп, бұл Қоғам шығыстарының ұлғаюына әсер етеді,сондай-ақ, жоспарланғанинвестициялар жобалардың уақтылы іске асырылмауы,Қоғам инвестициялық жобаларға берілген жер телімдері мен мүліктердің пайдаланылмай тұруы, осының бәрі қаржылық тәуекелдерге, сондай-ақ, қоғамның игілігі үшін пайда алынбай қалуына  әкеп соқтырады.          

            Қорытыда келгенде, қоғамның бірінші басшыларының  және негізгі қызметтерге жауапты  қызметкелердің жиі ауысуы орын алған. Бұл қоғам жұмысын ұйымдастырудың тиімсіздігін көрсетеді. Осылардың себебінен   Қоғамның негізгі  қызметі міндеттерді тиісті деңгейде атқаруға кедергілер тудырып, кері әсерін тигізген. Аудит бағдарламасымен көзделген өлшемшарттар бойынша жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындыларымен анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар жауапты тұлғалардың функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы, Қоғам басшылығы тарапынан қызметкерлердің нормаларын сақтауына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеуінен жол берілгені анықталды.

            Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысандарына ұсынымдар мен бұзушылықтарды жоюға және бұзушылықтарға жол берген адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалары жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы