19/05/2024  Жексенбі

«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында  бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарының және мемлекеттік активтердің тиімділігіне жүргізілген бақылау нәтижесі

Ағымдағы жылдың  04 мамырында  Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыста   «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарында  бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражаттарының және мемлекеттік активтердің тиімділігіне жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.

 Бақылау нәтижесі бойынша  жалпы сомасы  2 582 752,7 мың теңгеге бюджет қаражатын пайдалануда заңнамалардың талаптары өз дәрежесінде сақталмағаны анықталды.
Бақылау нәтижесі бойынша келесі заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды:
2013-2014 жылдары бюджеттік  бағдарламаларды іске асыруда Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің уақытылылық, негізділік, нәтижелілік принциптерінің нормалары  тиісті деңгейде  сақталмаған.
         2013жылғы стратегиялық жоспарда көзделген екі тікелей нәтиже көрсеткіштері орындалмаған, 2014 жылы 003 бюджеттік бағдарламасының мақсатында орындалуы барысында қол жеткізілуге тиіс нақты нәтижелер келтірілмеген.
Басқармамен кәсіпорындардың  даму жоспарын әзірлеу кезінде әкімшілік шығыстардың лимиттері бекітілмеген.
     2014 жылға жасалған жалпы сомасы 1 713 377,0 мың теңгеге бюджеттік өтінімдер түсіндірме жазбаларымен қамтамасыз етілмеген.
Басқарма тарапынан да,  бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен де  кассалық операцияларды жүргізу бойынша, бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамаларының көптеген бұзушылықтары жіберілген.
Жалақы мөлшерін арттыру мақсатында республикалық бюджет есебінен келіп түскен нысаналы трансферттердің 2 367,9 мың теңгесі мақсатқа сай пайдаланылмай, кәсіпорын қызметкерлеріне сыйақы есебінде төленген.
          Бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен орындалған қызметтері үшін тапсырылған актілері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейді және келісім шарт негізінде аударылған  жалпы сомасы 180 774,9 мың теңгені құрайтын алдын ала төлем қызметтерді жеткізу көлемдерімен расталмағандығы анықталды.  Басқарма мен кейбір кәсіпорындар арасында спорттық қызмет көрсетуге жасақталған келісім шарттардың міндеттері толық орындамаса да, Басқармамен сомасы 35 922,8мың теңге қаражат аударылған.
Бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптары сақталмаған, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік берілмеген.
Бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен іс-сапар шығындарын өтеу бойынша заң бұзушылықтарға жол берілген, белгіленген нормадан артық тәулікақылары төленген, шетел валютасымен курсты қолдану арқылы жасалған операцияларда валюта теңгерімі дұрыс қолданылмаған.
Бақылаумен жалпы сомасы 2 526 462,8 мың теңгені құрайтын бюджеттік заңнаманы бұзушылықтар, 56 289,9 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтары  анықталды.
Бақылау нәтижесі бойынша аталған заң бұзушылықтарды  алдағы уақытта болдырмау мақсатындағы ұсынымдар мен тапсырмалардан тұратын қаулы қабылданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы