02/05/2024  Бейсенбі

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде өткізілген Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында, «Ақшұқыр селолық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік орган қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Нәтижесінде, 43 310,4 мың теңгеге - қаржылық бұзушылықтар және бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды:
- бюджетттік бағдарламаларды әзірлеуде тиісті талаптары сақталмаған - бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері айқындалмаған;
- қызметкерлерге артық еңбекақы төленген;
- бухгалтерлік есеп жүргізу талаптары сақталмаған, негізгі құралдар бухгалтерлік есепке уақтылы алынбаған;
- автомобиль жолдарын жөндеуде норматив сақталмаған;
- мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілін негізсіз қолданып, мемлекеттік сатып алулар жүргізілген және басқа да бұзушылықтар анықталды.
Отырыста аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданып, Мекеме басшысының атына нұсқама жолданды.
Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін, материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

 

21.09.20 1

21.09.20

21.09.20

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы