02/05/2024  Бейсенбі

22.09.20 1

 Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

 «Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының» мемлекеттік мекемесі қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бұзушылықтар анықталды.

 Бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік өтінімдерді жасау кезінде заңнама талаптары сақталмаған.

Негізсіз жалақы төленген, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына көрсетiлген қызметтердiң жеткiзiлуiн растаудың дұрыстығы қамтамасыз етілмей негізсіз артық қаржы аударылған. 

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнама талаптары бұзылған, қаржылық есептілік бұрмалануына жол берілген.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу заңнамасы тиісті дәрежеде сақталмағаны және басқа да бұзушылықтар анықталды.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

 

22.09.20

22.09.20

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы