02/05/2024  Бейсенбі

14.10.20 1Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға ар

налған мемлекеттік бағдарламасы оң бағытта іске асырылып жатқанымен, 2016-2020 жылдарға арналған Маңғыстау облысының аумақты дамыту бағдарламасының агроөнеркәсіптік кешен бөлігіндегі кейбір көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.
3 бюджеттік бағдарлама бойынша бюджет жобасына шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын құжаттарсыз, бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған. Бюджет қаржысының тиімсіз жоспарлануы қаражаттың игерілмеуіне әкелген.
Дағдарысқа қарсы шараларға бағытталған қаражат игерілмеген.
Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етуде (құдықтар, ұңғымалар үшін) қарап тексеру актісінде көрсетілген көлемнен артық қаржы аударылған.
Инвестициялық субсидиялау бойынша мониторинг жүргізілмеген және мониторинг бойынша есеп жасақталмаған, ресми интернет-ресурста орналастырылмаған.
Субсидиялар бойынша кредиторлық қарыз бухгалтерлік есепте көрсетілмеген және қаржылық есептің бұрмалануына жол берілген.
Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.
Бұзушылықтарды жоюға және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

14.10.20 2 14.10.20

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы