19/05/2024  Жексенбі

Бақылау нәтижелері бойынша тұжырымдар
1. 2013-2014 жылдары бюджеттік  бағдарламаларды іске асыруда Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің уақытылылық, негізділік, нәтижелілік принциптерінің нормалары  тиісті деңгейде  сақталмаған.
2.Басқарма тарапынан Стратегиялық жоспарда  көрсетiлген мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштері бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарға жеткiзілмеген, кәсіпорындардың даму жоспарларының мониторингі және іске асырылуын бағалау қызметі, мақсаттары мен міндеттері жоспарланған және нақты қол жеткізілген негізгі көрсеткіштер бөлінісінде жүргізілмеген, 2013жылғы стратегиялық жоспарда көзделген екі тікелей нәтиже көрсеткіштері орындалмаған, 2014 жылы 003 бюджеттік бағдарламасының мақсатында орындалуы барысында қол жеткізілуге тиіс нақты нәтижелер келтірілмеген.

 2014жылы бюджет қаражатының көлемі өскенімен, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізу деңгейі төмендетілген. Бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың даму жоспарларында кәсіпорын қызметiн сипаттайтын мақсаттары, нәтижелер көрсеткіштері, тікелей және түпкілікті көрсеткіштері қамтылмаған. Басқармамен кәсіпорындардың  даму жоспарын әзірлеу кезінде әкімшілік шығыстардың лимиттері бекітілмеген.
     3. 2014 жылға жасалған жалпы сомасы 1 713 377,0 мың теңгеге бюджеттік өтінімдер түсіндірме жазбаларымен қамтамасыз етілмеген.
4.Бюджет шығыстарын орындауда мерзімі төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес орындалмай, Бюджет жүйесінің уақытылылық принципінің нормалары өз дәрежесінде сақталмаған.
5.Басқарма тарапынан да,  бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен де  кассалық операцияларды жүргізу бойынша, бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамаларының көптеген бұзушылықтары жіберілген.
6.Жалақы мөлшерін арттыру мақсатында республикалық бюджет есебінен келіп түскен нысаналы трансферттердің 2 367,9 мың теңгесі мақсатқа сай пайдаланылмай, кәсіпорын қызметкерлеріне сыйақы есебінде төленген.
          7. Бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен орындалған қызметтері үшін тапсырылған актілері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмейді және келісім шарт негізінде аударылған  жалпы сомасы 180 774,9 мың теңгені құрайтын алдын ала төлем қызметтерді жеткізу көлемдерімен расталмағандығы анықталды.  Басқарма мен кейбір кәсіпорындар арасында спорттық қызмет көрсетуге жасақталған келісім шарттардың міндеттері толық орындамаса да, Басқармамен сомасы 35 922,8мың теңге қаражат аударылған.
8. Бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптары сақталмаған, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік берілмеген.
9. Бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен іс-сапар шығындарын өтеу бойынша заң бұзушылықтарға жол берілген, белгіленген нормадан артық тәулікақылары төленген, шетел валютасымен курсты қолдану арқылы жасалған операцияларда валюта теңгерімі дұрыс қолданылмаған.
10. «Маңғыстау бокс клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының      балансында спорт залы және әкімшілік ғимараттары болмаса да, ғимаратты күтіп ұстау бойынша мамандар бірліктері штаттық кестеде бекітілген.
11. Әкімшілік қызметкерлерге спортшылар мен жаттықтырушыларға ғана тиісті төлемдер төлену жағдайлары орын алған.
12.«Каспий» кәсіптік волейбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мен Басқарма арасында жасақталған келісім-шартта үстел үстiндегi теннис бойынша қызмет көрсету көзделмеседе де, үстел үстiндегi теннис бойынша қызмет көрсетіліп, 2013-2014жылдары барлығы 14 739,2мың теңге қаражат жұмсалған.
13. «Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2013-2014 жылы Кәсіпорынның Жарғысында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін қарастырылған 6 қызмет түрі мүлдем көрсетілмеген. Қолданыстағы заңнамамен көзделген олимпиада резервін даярлау орталығының оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыру жұмысының негізгі түрлері жүзеге асырылмаған. Қазіргі таңда, Орталық тарапынан спортшылар мен жаттықтырушыларды тамақтандыру, медициналық қараумен қамтамасыз ету және іс-сапар шығындарын өтеу жұмыстарын ғана атқарумен шектеліп отыр.
14. «Ш. Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында кәсіпорын үнемгері М.А. Бектілеуова нақты түрде қызметін Спорт Басқармасында атқарса да, кәсіпорын тарапынан жұмыс уақыты есепке алынып, барлығы 565,8 мың теңге еңбек ақы есептеліп, төленген.
15. Бақылаумен жалпы сомасы 2 526 462,8 мың теңгені құрайтын бюджеттік заңнаманы бұзушылықтар, 56 289,9 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтары  анықталды.

Бақылаудың нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар


Жоғарыда айтылғандарды талдай келе төмендегілерді ҰСЫНАМЫН:

1.Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында  «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінде және бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазын
алық кәсіпорындарда бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау және мемлекеттік активтерге жүргізілген сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижесін қарауды ұсынамын.


2.«Маңғыстау облысының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Нарешова С.Б.) бақылау нәтижесі бойынша:
1)алдағы уақытта  бюджеттік өтінімдердің заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз етуді;
3. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Пахомов С.И.):
         1)алдағы уақытта бюджетті жоспарлауда, бюджеттік бағдарлама жасақтауда сапалылықты қамтамасыз етуді, бюджеттік бағдарламаларды іске асыруда тиісті заңнамалардың сақталуын, тиімділікті қамтамасыз етуді;
2)кәсіпорындардың даму жоспарларының заңнамаға сәйкес бекітілуін, мониторингін және іске асырылуын бағалауды  қамтамасыз етуді;
3)бағынышты  кәсіпорындарда  штат кестелерін заңнамаға сәйкестендіру мәселелерін  қарастырып, тиісті шарасын алуды;
4)«Маңғыстау облыстық олимпиадалық резервін даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қолданыстағы заңнамамен көзделген олимпиада резервін даярлау орталығының оқу-жаттығу шараларын ұйымдастыру тәртібіне сәйкес ұйымдастыруды тапсыруды;
         4. «Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Пахомов С.И.) мен барлық бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарға:
         1)кассалық операцияларды жүргізу бойынша заңнама талаптарын қатаң сақтауды;
2)бухгалтерлік есеп пен есептілік туралы заңнамаларды қатаң сақтауды, бақылау актілерінде көрсетілген бухгалтерлік есеп пен есептілікте жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіруді;
3)іс-сапар шығындарын өтеуде тиісті заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуді;
4)мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауды;
5)республикалық бюджет есебінен келіп түскен нысаналы трансферттердің мақсатқа сай пайдаланылмаған 2 367,9 мың теңгесін бюджетке қайтаруды;
6)алдағы уақытта бюджетті жоспарлауда, бюджеттік бағдарлама жасақтауда сапалылықты қамтамасыз етуді, бюджеттік бағдарламаларды іске асыруда тиісті заңнамалардың сақталуын, тиімділікті қамтамасыз етуді;
7)келісім - шарт негізінде аударылған  жалпы сомасы 180 774,9 мың теңгені құрайтын қызметтерді жеткізу көлемдерімен расталмаған алдын ала төлемді қалпына келтіруді; 
8) бағынышты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындармен орындалған қызметтері үшін тапсырылатын актілерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіруді және кәсіпорындармен спорттық қызмет көрсетуге жасақталған келісім шарттардың міндеттерінің толық  орындалуын қамтамасыз етуді;
9)жіберілген заң бұзушылықтар мен кемшіліктердің алдын-алу, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алуды тапсыруды ұсынамын.
5.«Каспий» кәсіптік футбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (Кушанов М.А.) 2015 жылдың 01 шілдесіне дейін:
1)іс-сапар шығындарын өтеуде артық есептелген 6162,4 мың теңгені қалпына келтіруді;
2) шетел валютасының курсын дұрыс қолданбауы салдарынан артық төленген 4021,8 мың теңгені қалпына келтіруді;
3) 2014 жылы бухгалтерлік есеп пен есептілікте көрсетілмеген және негізсіз шығысталған 3718,9 мың теңгені қалпына келтіруді тапсыруды ұсынамын.
6.«Каспий» кәсіптік баскетбол клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (Исаков Н.Э.) 2015 жылдың 01 шілдесіне дейін:
1)іс-сапар шығындарын өтеуде артық есептелген 3281,8 мың теңгені қалпына келтіруді;
2)шетел валютасының курсын дұрыс қолданбауы салдарынан артық төленген 2543,5 мың теңгені қалпына келтіруді тапсыруды ұсынамын.
7.Бақылау нәтижесімен анықталған кемшіліктер бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін бақылау материалдарын Маңғыстау облыстық прокуратурасына жолдауды ұсынамын.
Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы