19/05/2024  Жексенбі

Жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген бақылаудың нәтижесі туралы

            Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың   26 маусымдағы отырысында шаруашылық жүргізу құқығындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорнына жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген бақылаудың нәтижесі қаралды.

 Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен шаруашылық жүргізу құқығындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жүргізілген жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін бақылаудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 385 393,4 мың теңгеге заң бұзушылықтар анықталды.
Жергілікті атқарушы орган тарапынан Кәсіпорынға Мұнайлы ауданын дамыту бағдарламасында көрсетiлген мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша Кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштері жеткiзілмеген және Даму жоспарында Кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын мақсаттары, нәтижелер көрсеткіштері, тікелей және түпкілікті көрсеткіштері қамтылмаған.

Бүгінгі күнге дейін Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мұнайлы аудандық әкімдігінің «Маңғыстауэнерго» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Есеп саясаты жасалып, бекітілмеген.

Жалпы сомасы 742,0 мың теңгені құрайтын 2 бірлік көлік құралдары пайдалануға жарамсыз, бірақ бүгінгі күнге дейін есептен шығарылмай, олар бойынша көлік құралдарының салығы төленіп отырғаны анықталды.
Кәсіпорынмен мемлекеттiк сатып алудың бекiтiлген жылдық жоспарында қарастырылмаған тауарлар сатып алынған және негізсіз бір көзден сатып алу тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алулар жүзеге асырылған.
Отырыстың қорытындысы бойынша бақылау объектісіне анықталған бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою бойынша шешім мен ұсыныстардан тұратын және бұдан әрі оларға жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға қаулы мен ұсынымдар жолданды.
Кәсіпорынның лауазымды тұлғаларының әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігін қарау мақсатында, бақылау материалдары Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясына жолданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы