19/05/2024  Жексенбі

            Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың   26 маусымдағы отырысында шаруашылық жүргізу құқығындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорнына жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген бақылаудың нәтижесі қаралды.
Бақылаудың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 385 393,4 мың теңгеге заң бұзушылықтар анықталды. 

 
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген бақылаудың  нәтижесінің қорытындысы бекітілсін.
  2. «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2015 жылдың 27 қыркүйегіне дейін бақылау актісінде көрсетілген автокөліктер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдау тапсырылсын;
  3. «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бақылау нәтижесі бойынша:
  4. 2015 жылдың 27 шілдесіне дейін жіберілген заң бұзушылықтар мен кемшіліктерге назар аударып, оларды жою және алдын-алу, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алу;
  5. «Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды күшейту бойынша шаралар қабылдау;
  6. Кәсіпорынның даму жоспарын қарау және бекіту кезінде Мұнайлы ауданын дамыту бағдарламасында көрсетiлген мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша Кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштерінің жеткiзілуін және Даму жоспарында Кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын мақсаттары, нәтижелер көрсеткіштері, тікелей және түпкілікті көрсеткіштерінің қамтылуын ескеру;

3. «Маңғыстауэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына:  

  1. 2015 жылдың 27 шілдесіне дейін жіберілген заң бұзушылықтар мен кемшіліктерге назар аударып, оларды жою және алдын-алу, лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар алу;

кәсіпорынның Есеп саясатын уақытылы және заңнамаға сәйкес бекітілуін қамтамасыз ету;

  1. мемлекеттік сатып алу заңнамасын  қатаң сақтау;

            4. Бақылау қорытындысы бойынша қабылданған шаралар туралы Маңғыстау облысының тексеру комиссиясына 2015 жылдың 27 шілдесіне дейін міндетті түрде хабарлау тапсырылады.
5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 140- бабының 1 бөліміне сәйкес қаулының орындалуы міндетті болып табылады.
6. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 462 –бабына сәйкес, мемлекеттік бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар) өз құзыреті шегінде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

7. Осы қаулының орындалуын қадағалау тексеру комиссиясының мүшесі Ж.С. Кошмағамбетоваға жүктелсін.

 

Маңғыстау облысы бойынша
Тексеру комиссиясының
төрағасы                                                                                       М.Ө. Нысанбаев

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы