27/04/2024  Сенбі

Жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша, оның ішінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған және «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары аясында бюджет қаражатының пайдаланылуының тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қорытыланды

12.08.2021 ж

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша, оның ішінде «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған және «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары аясында бюджет қаражатының пайдаланылуының тиімділігіне» жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.        


Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2 жоба бойынша мердігермен шарт бойынша жұмыстар толық аяқталмай тұрып, жалпы сомасы 129 571,3 мың теңгені құрайтын шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасы кері қайтарылғаны анықталды.
2 жоба бойынша қоршаған ортаға эмиссия рұқсаты табиғат пайдаланушының атына қайта рәсімделмеген.
Автомобиль жолдарын жөндеу бойынша бюджет қаражатының тиімсіз жоспарлануы орын алған, яғни мекеменің балансында тіркелмеген аудандық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңартуға бюджет қаражаты жоспарланған.
Құрылыстарды аяқтаудың нормативтік ұзақтық мерзімдері сақталмаған, 2017-2018 жылдары басталған кейбір жобалар қазіргі уақытқа дейін аяқталмаған.
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 2020 жылға  Маңғыстау облысы бойынша магистральдық теміржол желісінің қызметтеріне тарифтерге (бағаларына, мөлшерлемелерге, алымдарға) уақытша төмендету коэффициентін белгілеу бойынша шаралар алынбауы салдарынан, облыстық бюджет есебінен төленетін субсидия бойынша 32 513,3 мың теңгені құрайтын мүмкін болатын жіберіп алған пайда орын алған.
Сонымен қатар, бюджеттік заңнаманың, бухгалтерлік есеп туралы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды.
Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.
Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.
17.08.21 17.08.21
Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы