19/05/2024  Жексенбі

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына мемлекет активтері мен жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының сәйкестігіне және қаржылық есептілігінің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижелері туралы

        
        Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2015 жылдың 26 маусымындағы отырысында Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына мемлекет активтері мен жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының сәйкестігіне және қаржылық есептілігінің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.
Бақылау қорытындысы бойынша жалпы сомасы 16 660,0 мың теңгеге заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. 

Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (Ф.М. Атакееваға) мемлекет активтері мен жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының сәйкестігіне және қаржылық есептілігінің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесі бойынша 2015 жылдың 29 шілдесіне дейін:
1) Бақылау нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді қалпына келтіруді, кемшіліктер жіберген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды және алдағы уақытта бұндай кемшіліктердің алдын алу шараларын қарастыруды;
2) Осы бақылау қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар бойынша уақытында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясына хабарлауды.
2. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 140 -бабының 1-бөліміне сәйкес қаулының орындалуы міндетті болып табылады.


3. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 462-бабының 3-бөліміне сәйкес мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар) өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 
4. Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының бас маманы Қ.Ж. Саналиев, бақылауға қатысқан қызметкерлермен бірлесе отырып 2015 жылдың 30 маусымына дейін:
1) Бақылау жүргізілген нысанға анықталған кемшіліктер бойынша Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысын жолдасын.
5. Осы қаулының орындалуын қадағалау тексеру комиссиясының мүшесі А.И. Аменовке жүктелсін.

 

         Маңғыстау облысы бойынша
         Тексеру комиссиясының
         төрағасы                                                           М.Ө. Нысанбаев

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы