27/04/2024  Сенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Түпқараған ауданы әкімдігінің «Түпқараған электр жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында  жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Түпқараған ауданы әкімдігінің «Түпқараған электр жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген аудит нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық  бұзушылықтар-11899,0 мың теңге, соның ішінен кәсіпорынға өндіруге жататыны-11447,6 мың теңге, бюджетке өндіруге жататыны 8,5 мың теңге, барлығы өтелді. Сонымен қатар, рәсімдік сипаттағы  бұзушылықтар анықталды.

Аудит нәтижелері бойынша  банктік құжаттар негізінде кәсіпорын бас есепшісі 01 қаңтар 2020 жылдың бастап -  2021 жылғы 31 мамырға  дейін өзінің Халық банктегі жеке карт  шотына жүйелі түрде жалақы бойынша 5 млн теңге, іс-сапар және өзге де шығыстар  бойынша 4 млн 468 мың теңгені  бірінші қол қою құқығымен электрондық цифрлық қолтаңбамен  аударғаны анықталды. Негізсіз аударылған   қаражаттың жалпы сомасы  11 млн 404 мың теңгені құрады.

Бұдан басқа да,  жеке тұлғаларға  көрсетілмеген қызметтер мен  алынбаған   тауарлар  үшін жалпы сомасы 1млн 935 мың теңгеге негізсіз төлем жүргізілген.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерi, әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормалары, қызметкерлерiне қызметтік іс сапарлар шығыстарын өтеу тәртiбi, кейбiр шығыстардың және өкiлдiк шығыстарының лимиттерi бекітілмеген, аудандық коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару және иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативтері белгіленбеген.

Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Түпқараған ауданы әкіміне, Түпқараған аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне Түпқараған аудандық экономика  және қаржы бөліміне  Мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша ұсынымдар, сондай-ақ, «Түпқараған электр жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына анықталған заң бұзушылықтарын жою және кінәлі адамдарға қатысты шаралар қабылдау туралы нұсқамалар  мен ұсынымдар жіберілді.

Аудит материалы құқық қорғау органдарына берілді.

 

08.09.21 1 08.09.21

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы