02/05/2024  Бейсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау облысының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – полиция департаменті) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша бұзушылықтардың жалпы көлемі 61 523,2 мың теңгені құрады.

Атап айтқанда, қаржылық бұзушылықтар 45 755,2 мың теңге және бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану бойынша жалпы сомасы 15 768,0 мың теңге (оның ішінде тиімсіз жоспарлау сомасы 9 148,2 мың теңге және тиімсіз пайдалану сомасы 6 619,8 мың теңге) құраған.

Мекемемен 2018, 2019 жылдары ғимараттардың жөндеу жұмыстарын қайта құру қылып жүргізудің орнына ағымдағы жөндеу ретінде жүргізіліп, ғимараттың баланстық құны жалпы сомасы 43 900,3 мың теңгеге өсіру бойынша жұмыстар жүргізілмеген;

Департамент қызметкерлерінің қолданыстағы тәртіптік жазалары болса да, 2019 оқу жылының қорытындылары бойынша сыныптық біліктілік үшін негізсіз жалпы сомасы 659,5 мың теңге және жалпы сомасы 1 050,4 мың теңге негізсіз сыйақы (премия) берілген.

Сонымен қатар, бюджеттік заңнаманың, бухгалтерлік есеп туралы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

29.11.21 1 29.11.21 29.11.21 29.11.21

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы