19/05/2024  Жексенбі

Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының «Маңғыстау облыстық қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына мемлекет активтері мен жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының сәйкестігіне және қаржылық есептілігінің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижелері бойынша

 

Ағымдағы жылдың  29 маусымда  Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Отырыста «Маңғыстау облыстық қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына мемлекет активтері мен жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының сәйкестігіне және қаржылық есептілігінің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.
Бақылау нәтижесі бойынша  жалпы сомасы  16 660,0 мың теңгеге бюджет қаражатын пайдалануда заңнамалардың талаптары өз дәрежесінде сақталмағаны анықталды.
Бақылау нәтижесі бойынша келесі заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды:
         Кәсіпорынның Даму жоспарында қызметті сипаттайтын мақсаттары, міндеттері, нәтижелер көрсеткіштері қамтылмаған.

Басқарма тарапынан кәсіпорынға басқарманың стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту бағдарламасында) көрсетiлген оның мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша кәсіпорынның қызметiн сипаттайтын сандық өлшенетін түйiндi көрсеткiштері жеткiзілмеген.

Мемлекеттiк театрлар, мәдени-демалыс және концерт ұйымдары бюджеттiк субсидиялар алу үшiн бюджет бағдарлама әкiмшiсiне жыл сайын, ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешiктiрмей осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша алынған бюджеттiк субсидиялар көлемiнiң негiзiнде алдағы жылға арналған көрсетiлетiн қызметтер бойынша кiрiстер мен шығыстардың бекiтiлген есебiн 1 және 2 қосымшалары тапсырылмаған.

         Кәсіпорынның кредиторлық берешек бола тұра жалпы сомасы 1 860,0 мың теңгеге сыйақы берілгендігі анықталды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша жалпы сомасы 14 800,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алудың жеңімпазы ұсынылған құжаттарында жеке куәлігінің көшірмесі нотариалды куәландырылмаған.
Бақылау нәтижесі бойынша аталған заң бұзушылықтарды  алдағы уақытта болдырмау мақсатындағы ұсынымдар мен тапсырмалардан тұратын қаулы қабылданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы