02/05/2024  Бейсенбі

 

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Ақтау жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Мекеме) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

 Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша бұзушылықтардың жалпы көлемі 184 952,7 мың теңгені құрады.

          Атап айтқанда, қаржылық бұзушылықтар 12 655,3 мың теңге және бюджет қаражатын, активтерді тиімсіз жоспарлау бойынша жалпы сомасы 165 350,5 мың теңге, бюджеттің тікелей (жанама) шығындары 6 946,9 мың теңге. Рәсімдік бұзушылықтар саны 5 (бес) бірлікті құрайды.

         Мекемемен 2019 жылы жалпы сомасы 252,5 мың теңгеге сатып алынған компьютер жиынтығы Мекеме балансына кірістелмеген.

         Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезеңде 303101 коды бойынша жергілікті бюджетке осы күнге дейін түспеген жер учаскесінің бағасы 11 152,4 мың теңгені құрады.

       Жергілікті бюджетке уақытылы түспеген жер учаскесінің бағасына 0,1% мөлшерде 1 250,4  мың теңге  көлемінде тұрақсыздық айыбын өндіру  жұмыстары жүргізілмеген.

            303202 коды бойынша жергілікті бюджетке уақытылы түспеген жер учаскесінің бағасына 6 946,9 мың теңге көлемінде тұрақсыздық айыбы өндіру жұмыстары жүргізілмей, бюджеттің тікелей (жанама) шығындары пайда болған.

            Мекемемен жалпы сомасы 165 350,5 мың теңгеге бюджеттік бағдарламалары әзірленбей, негізділік, нәтижелік, реалистік және тиімділік қағидаттары сақталмаған.

         Сонымен қатар, бюджеттік заңнаманың, бухгалтерлік есеп туралы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды.

         Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

14.12.21 1 14.12.21

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы