02/05/2024  Бейсенбі

 

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Қарақия аудандық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінің тиімділігіне жүргізілген жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.      

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 37 137,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 24 055,3 мың теңгеге қаражатты тиімсіз пайдалану,  66 508,0 мың теңгеге экономикалық шығын және бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.       

         Құрық ауылы бойынша 2020 жылы жалпы сомасы 66 508,7 мың теңгені құрайтын 332 409,9 м3  ауыз судың ысырабы орын алған немесе жалпы сатып алынған судың 48%-ын құрайды (шығынның техникалық нормативінен жоғары).

         Даму жоспарын жасақтау кезінде қызметтердің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері айқындалмаған.

         Жергілікті атқарушы органмен кәсіпорынның қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерi, әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормалары, қызметкерлерiне қызметтік іс сапарлар шығыстарын өтеу тәртiбi мен шарттарына сәйкес кейбiр шығыстардың лимиттерi  және өкiлдiк шығыстарының лимиттерi белгіленбеген.

         Көрсетілмеген қызметтер үшін бюджеттен жалпы сомасы 37 137,0 мың теңге негізсіз субсидия  алынған.

         Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп туралы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды.     Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.      

         Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

09.12.21 1 09.12.21

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы