02/05/2024  Бейсенбі

 

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында Орта білім беруді цифрландыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 88 914,3 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, 41 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2020-2021 оқу жылында карантин кезінде оқушылардың қашықтықтан білім алу мақсатында (облыстық, Ақтау қаласындағы мектептерді қоспағанда) мектеп оқушыларына қажеттілік сұраныстары негізінде, жергілікті бюджеттен қалалық, аудандық оқу-әдістемелік орталықтарымен сатып алынып, мектептерге берілген ноутбуктердің 369 данасы және роутерлердің 1331 данасы оқушылар тарапынан сұраныс болмай, қолданылмастан, мектептер мен орталық қоймасында тұрғаны белгілі болды.

Нәтижесінде барлығы 88 914,3 мың теңгеге бюджет қаражаты тиімсіз пайдалануына жол беріліп, бюджет кодексінің тиімділік қағидаты сақталмаған.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде анықталған бұзушылық бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін, уәкілетті органға жолданған 6 әкімшілік іс бойынша жалпы соммасы 510,0 мың теңге айыппұлдар салынып, бюджетке толық төленген.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанындарына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

 

02.12.21 02.12.21 02.12.21

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы