06/05/2024  Дүйсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Қарақия аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бюджет қаражаты және мемлекет активтерін пайдаланудың тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды. 

23.12.21

          Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 3 820,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 305 599,4 мың теңгеге бюджет қаражатын, мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану,   6 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.    

         Құрылыстарды аяқтаудың нормативтік ұзақтығы сақталмаған.

         Мекемеде мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормасы сақталмаған, нормадан артық  алаңды жылумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен  58,3 мың теңге қаражат  тиімсіз жұмсалған.

         Орындалмаған жұмыстар үшін (ағаштар, бұталар және т.б отырғызу бойынша) 3 489,2 мың теңге қаражат аударылған.

         Қаржылық есептілік 3 178 727,5 мың теңгеге бұрмаланған, аяқталмаған құрылыстың құны (жобалау-сметалық  құжаттамалар) бухгалтерлік баланста көрсетілген  сомамен сәйкес келмейтіні анықталды.

         Жалпы құны 298 671,5 мың теңгені құрайтын жобалау-сметалық  құжаттамалар үш жыл ішінде пайдаланылмай,  мемлекет активтерінің тиімсіз пайдаланылуына жол берілген.

         Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды.    

         Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.       

         Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

 

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы