02/05/2024  Бейсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерінің пайдалануының сәйкестігі мен тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

 Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты - 73357,2 мың теңге, 7 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

         Штат кестесінде тиісті нормативтен артық 4 бірлік жоспарланып, қаржы жұмсалып, бюджет қаржысы тиімсіз пайдаланылған.

         Лицензиясы жоқ кәсіпкерден тауар сатып алынып, оған қоса жасақталған келісім шарт Қазынашылық департаментінде тіркелмеген.

         «Бизнестің жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2025»  бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруда мемлекеттік грантқа үміткерлердің ұсынылған бизнес жобалары құрылым талаптарына сәйкес келмеуі, нарықта сұранысы жоқ, бәсекелестікке қабілетсіз жобалардың мақұлдануы, нәтижесінде жабылап қалуы орын алып, қоғамға тигізетін пайдасының тиімділігінің төмен болуына әкелген.

         «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» бюджеттік бағдарламасы аясында ««Каспий» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен бекітілген «Nur Kapital» өңірлік бағдарламасының басты талабы,  яғни жаңа жұмыс орындарын ашу шарты  - тиісті деңгейде орындалмаған.

         Аталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің орын алуы жауапты тұлғалардың өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін  тиісті деңгейде атқармауы, қадағалаудың жеткілікті деңгейде жүргізілмеуі, мемлекеттік гранттарды тағайындауда конкурстық комиссия мүшелерімен үміткерді таңдауда зерделеу жұмыстарының тиісті дәрежеде жүргізілмеуі салдарынан орын алған.

         Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бектіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит объектісіне Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

 

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы