06/05/2024  Дүйсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2020 -2021 жыл аралығына  Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға бөлінген қаражат тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.                

24.12.21 1

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығымен бекітілген «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларының» талаптары сақталмай 11 071,6 мың теңге субсидия негізсіз төленген.

Атап айтқанда, субсидия алуға жасақталған Тізілімге есепте жоқ тұрғындар, сондай-ақ нақты пайдаланылған су көлемінен артық су көлемі көрсетіліп, енгізілген.

Сондай-ақ, 93 246,0 мың теңгеге бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылғаны орын алды.

Жүргізілген талдау нәтижесінде, республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалы болып табылатын «ҚазСуШар» РМК-ның ауыз су тарифі облыс аумағындағы ең жоғары тарифті көрсетті.

Су құбырлары «ҚазСуШар» РМК ның балансында болғанымен, бұл құбырлар өткен кезеңде бюджет қаржысы есебінен салынғанын атап өткен жөн.

Су құбырларын "Қазсушар" РМК балансына, яғни республикалық деңгейдегі кәсіпорынның балансына беру жөніндегі бұрынғы кезеңде қабылданған шешімдердің тиімсіздігін көрсетті, нәтижесінде ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау "Қазсушар" МКК-ның жоғары тарифі бойынша жүргізілген, ал жергілікті деңгейдегі басқа кәсіпорындардың тарифі төмен болып отыр.

 

24.12.21

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы