06/05/2024  Дүйсенбі

 Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне  жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік орган қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен жалпы сомасы  13039,2 мың теңге қаржылық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде; бюджетке өтелуге жататыны-2907,5 мың теңге,  қалпына келтіруге жататыны – 10131,7 мың теңге, 23 рәсімдік сипаттағы  бұзушылықтар анықталды.

          Бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік өтінімдерді жасау кезінде заңнама талаптары сақталмаған.

          Мекемеде түгендеу жүргізу  басшылық тарапынан  қамтамасыз етілмеген.

          Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiге пилоттық режимде еңбекақы  бойынша еңбек өтілімдері дұрыс айқындалмау нәтижесінде  еңбекақы,  сауықтыру жәрдемақы және  бонустар артық есептеліп, төленген.            Мекемеде абаттандыру жұмыстары бойынша 2 жағдайда  Мердігерлерге орындалмаған жұмыстар үшін  10131,7 мың теңге  қаражат аударылған.

          Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды.         

          Тексеру комиссиясының отырысы нәтижесінде тиісті қаулы қабылданып, Түпқараған ауданы әкіміне мемлекеттік аудиттің қорытындысы  бойынша ұсынымдар жіберілді.

          Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

          Аудит материалы құқық қорғау органдарына берілді.

 

24.12 24.12

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы