06/05/2024  Дүйсенбі

 

«Каспий» Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамында (бұдан әрі – Қоғам) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

 Аудит нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың жалпы көлемі 1 116 615,9 мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар 311 724,9 мың теңге;

2) өтелуге жататыны 159 729,9 мың теңге;

3) қалпына келтіруге жататыны 150 000,0 мың теңге;

4) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану бойынша жалпы сомасы 1 995,0 мың теңге;

5) рәсімдік бұзушылықтар саны 16 (он алты) бірлік.

Аудит нәтижелері бойынша Қоғам азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын тиімді пайдаланбағаны, кейбір азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөніндегі тетіктер уақтылы қолданылмағаны анықталды.

Бұдан басқа, олар бойынша агроөнеркәсіптік нарыққа реттеушілік ықпал ететін тауар интервенциялары жүзеге асырылмаған.

Жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын пайдаланылуына тиімділік аудиті, оның ішінде азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына жүргізілген мемлекеттік аудиті бойынша төмендегідей тұжырым жасауға болады.

Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы Қоғаммен бірлесіп тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары, облыс әкімдігі және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы халыққа жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілмеген.

Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу жоспарына ай-сайын белгілінген талаптардан асырып өзгерістер енгізілгені, мемлекеттік сатып алудың жоспарлануы тиісті деңгейде жүргізілмейтінін көрсетеді.

Жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесінде бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит нысанына Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

 

24.12 3 24.12 24.12

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы