01/05/2024  Сәрсенбі

 Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2019 -2020 жыл аралығында халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету тиімділігіне мемлекеттік аудитпен денсаулық сақтау саласының 4 Кәсіпорны қамтылды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 9 879,0 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 31 112,5 мың теңгеге қаражының тиімсіз пайдалануы, жіберіп алған пайда сомасы 6 570,6 мың теңге, қалпына келтіруге жататын,бухгалтерлік есеп бұзушылығы– 259 163,8 мың теңге, Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін бұзушылық – 106 433,5 мың теңге, 146 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Даму жоспарын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың орындалысы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну тәртібі тиісті деңгейде сақталмаған, Денсаулық сақтау басқармасымен тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштері айқындалып, жеткізілмеген.

Кәсіпорындарда байқау кеңесі –тиісті деңгейде жұмыс жасамаған, қадағалау жұмыстары Денсаулық сақтау басқармасымен жүргізілмеген.

Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі сараптама жүргізу қағидаларының талабы бұзылып, ішкі сараптама толық жағдайда жүргізілмеген.

Барлық кәсіпорындарда кадр тапшылығы сақталуда, соның салдарынан Еңбек кодексінің талабы сақталмай, кадрлардың нормадан артық сағат  жұмыс жасауы орын алған.

Жедел жәрдем станциясы бойынша қаржыландыру (тариф) көзі Кәсіпорын шығынының негізгі бөлігін – еңбекақы қорын жабуға жеткіліксіз, соның салдарынан кадр тапшы, мамандандырылған бригадалар жеткіліксіз, бригада құрамы тиісті мамандармен толық жабдықталмаған.

Шақыртуларды өңдеу және жету уақыттары, шақырту қабылданғаннан кейін науқасқа жету уақытының регламенттері сақталмаған.

Сондай-ақ, 4-жеделділік санатының шақыртулары бойынша қызмет ету Емханалармен көрсетуі көзделгенмен, іс жүзінде Жедел жәрдем станциясымен де көрсетілген. Алайда, Жедел жәрдем станциясына осы қызметі үшін ақысын төлеу,  Қағидамен көзделмеген.

Қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі салдарынан нормативтік-  құқықтық актімен көзделмеген жағдайда, яғни жергілікті бюджет есебінен 2020 жылы пандемия кезінде 148 672,0 мың теңге сыйақы төленуі орын алған.

ҚР Үкіметінің №1729  Қаулысының талабы сақталмай, Денсаулық сақтау басқармасы арқылы жылжымалы кешен сипаттамасына, яғни арнайы санитарлық автокөлікке сәйкес келмейтін, тиісті медициналық құралдармен толық жабдықталмаған автокөліктер сатып алынған.

Жедел жәрдем станциясы  үшін «033»бюджеттік бағдарламасымен алынған негізгі құралдармен, іс жүзінде Маңғыстау облысының денсаулық сақтау  басқармасы қамтамасыз етілген, бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесіне қол жеткізілмеген.

Жанар жағар майға жауапты тұлғалармен өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамауынан жанар жағар майдың негізсіз шығысталуына жол берілген, нұқсан келтірілген, кредиторлық қарыздың ұлғаюына әкелген.

Сонымен қатар, қаржылық есептіліктің бұрмалануы, негізсіз қосымша ақы, еңбекақы, жәрдемақы, іс сапар шығындарының төленгені анықталды.

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының нұсқамасы жіберілді.

Аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша материал Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

 

10.12 10.12 10.12

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы