07/05/2024  Сейсенбі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз және ол бәрінен қымбат! Біздің міндетіміз – кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды аманаттау», – деп атап өткендей, ел өркендеуіне үлес қосу - әр қазақстандықтың парызы. Осы орайда 2021 жылдың 15 желтоқсанында - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында ардагерлерге және мемлекеттік қызметшілерге ведомстволық наградаларды және алғыс хаттар тапсырылды.


Қаржы саласындағы ұзақ жылдары үздіксіз қызмет атқарғаны үшін, елеулі еңбектерін ескере отырып «Тексеру комиссияларының құрылуының 10 жылдығын» және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Тексеру комиссиясының ардагері Қани Сара Құлмырзақызы Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен, Тексеру комиссиясының мүшелері Х.Джанаева және Ж.Утегенова Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің "Қаржы сақшысы" медалімен марапатталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - Ұлттық валюта күніне орай Тексеру комиссиясының аппарат басшысына және персоналды басқару қызметінің бас маманына Маңғыстау облысы әкімінің атынан және Тексеру комиссиясы төрағасы Н.Иманбердиевтің атынан қызметкерлерге алғыс хаттар жарияланды.

25.01.22 1 25.01.22 1 25.01.22 1 25.01.22 1 25.01.22 1 25.01.22 1 25.01.22 1 25.01.22 1 25.01.22 1 25.01.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы