06/05/2024  Дүйсенбі

Маңғыстау облысы бойынша

Тексеру комиссиясының

төрағасы

Н.Иманбердиевқа

Қызметтік хат

Ағымдағы жылдың 12 мамырында Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтіп, «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдегі  №6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген   «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын»  230-тармағына сәйкес аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша дайындалған пресс-релиз жобасын келісуге ұсынамын.

Жалғама: пресс-релиз жобасы мемлекеттік және орыс тілдерінде

2 бетте.

Маңғыстау облысы

бойынша Тексеру

комиссиясының мұшесі                                                Х.Джанаева 

ПРЕСС- РЕЛИЗ

«Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі

12.05.2022ж

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында «Маңғыстау облысының қаржы басқармасы» (бұдан әрі – Мекеме) жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен Жергілікті бюджеттің  шоғырландырылған  қаржылық есептілігінің Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаларына сәйкестігін бағалау мақсатында 13 объектіде Мемлекеттік аудит жүргізілді. 

Жүргізілген  мемлекеттік аудитпен 65 433 716,2 мың теңгеге бұрмалаулар аңықталды, оның ішінде қалпына келтірілетіні 37 542 776,8  теңге, 48 бірлік рәсімдік бұзушылықтар, яғны бухгалтерлік есептілік бойынша тиісті шоттарда дұрыс көрсетілмеу салдарынан бұрмаланғаны 27 890 939,4 мың теңге, оның аудит барысында қалпына келтірілгені 27 890 766,2 мың теңге.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 03 тамыз 2010 жылғы №393 Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидасының» 4 және 88-1 –тармақтарының талаптары сақталмай, жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінде 16 188 620,4 мың теңгені құрайтын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарды ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар ретінде көрсетілмеген. Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігі 16 188 620,4 мың теңге азайтылып көрсетіліп, бұрмаланған.   

Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілінің бұрмалануының басты себебі, тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржылық есептілігі мен бухгалтерлік есебінің тиісті деңгейде жүргізілмеуі  салдарынан орын алған.

Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жауапты, мүдделі тұлғалары өз мекемелерінің қаржылық қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайының өзгерістері, активтері туралы толық және дұрыс ақпаратпен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілмеген, өздерінің функционалдық міндеттерін тиісті деңгейде атқармаған.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. Мемлекеттік аудит объектісіне Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының нұсқамасы жолданды.

16.05.22 1 16.05.22 1 16.05.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы