06/05/2024  Дүйсенбі

Ағымдағы жылдың 31 мамырында  жетінші сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының 12-ші кезекті сессиясы өтті.

Сессия барысында 2021 жылға облыстық бюджеттің атқарылуы туралы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әлимұхаммед Құттымұратұлы облыстық мәслихат сессиясында тиісті баяндама жасады.

Облыс әкімінің орынбасарының  баяндамасынан кейін Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы  облыс бюджетінің 2021 жылға атқарылуын бағалау туралы баяндама жасады.

Өз баяндамасында төраға облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін, атап айтқанда жалпы өңірлік өнім (ВРП) 1,3%-ға өскен (2020 жылдың 9 айында-2,1 млд.теңге; 2021 жылғы 9 айында – 2,6 млд.теңге).Жалпы өңірлік өнімнің артуының негізгі себебі тау-кен өнеркәсібі  көлемінің  34,6%-ға өсуінен орын алған, оның үлесі облыстағы барлық өнеркәсіп көлемінің 90,2 %-ға құрайды (2020 жылдың 9 айы – 985,5 млн.теңге, 2021 жылдың 9 айында – 1 326,3млд.теңге). 

Ең төменгі күнкөріс деңгейі, 10,8%-ға өскенімен, ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесі 8,6% деңгейінде тіркеліп, былтырға қарағанда 50%-ға артқан (2020 жылы 5,7% деңгейінде тіркелген болатын).

Кірістер мен шығыстар бойынша облыстық бюджетті атқару кезінде салықтар бойынша бересінің, дебиторлық берешектің болуы, бюджет қаражатының игерілмеуі, облыстың даму жоспарының жекелеген нысаналы индикаторларына қол жеткізбеу, кейбір бюджеттік инвестициялық жобалардың уақтылы аяқталмауы сияқты кемшіліктер де атап өтілді.

Облыстық бюджеттің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы ҚР заңнамасының талаптарын сақтау, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берді.

Өз баяндамасында Төраға тексеру комиссиясы қызметі жұмысының қорытындылары туралы, сондай – ақ жаңа бағытты - облыстың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сыртқы мемлекеттік аудит жүргізуді іске асыру туралы хабардар етті.

Жалпы, облыстық бюджет Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді. 

30.06.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы