06/05/2024  Дүйсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Бейнеу аудандық әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы«Бейнеуэнергосервис» және «Бейнеусусервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудит қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 17356,3 мың теңге, кәсіпорын қаражатын тиімсіз пайдалану  сомасы -156,0 мың теңге, 6997,2 мың теңгеге экономикалық шығын, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Аудит жүргізу кезең барлығында аталған 2 кәсіпорын  қаржы-шаруашылқы қызмет нәтижесі бойынша  шығынды жағдайда тұрғанын атап өткен жөн.

Аудитпен қамтылған аралықта кәсіпорындарда су, электр энергия ысыраптары ірі көлемде орын алған, оның ішінде;

2020-2021 жылдары «Бейнеуэнергосервис» МКК жалпы сомасы  407883,6 мың теңгені құрайтын  23511,4,0мың кВт электр энергия  ысырабы  жалпы электр энергияның 24,3 %-ын құрайды (2020 жылы  10392,0 мың кВт, 2021 жылы  13119,4 мың кВт) (электр ысырап нормативі бекітілмеген)  және   «Бейнеусусервис» МКК жалпы сомасы 6997,2 мың теңгені құрайтын 298642,7 м3 су ысырабы жалпы сатып алынған судың 6,5%-ын құрайды (шығынның техникалық нормативінен жоғары) (2020 жыл -  153043,7м3, 2021 жыл- 145599м3).

Кәсіпорындарда  бас есепші кәсіби бухгалтер сертификатсыз жұмыс жасайды.

Даму жоспарын жасақтау кезінде қызметтердің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері айқындалмаған.

Жергілікті атқарушы органмен кәсіпорынның қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерi, әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормалары, қызметкерлерiне қызметтік іс сапарлар шығыстарын өтеу тәртiбi мен шарттарына сәйкес кейбiр шығыстардың лимиттерi, сондай-ақ, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң сыйлықақы және өзге де сыйақы беру жүйесi белгіленбеген. 

2020 жылы «Бейнеуэнергосервис» МКК  жарғылық капиталындағы 2 200,9 мың теңгені құрайтын мүліктер Боранқұл ауылы әкімдігіне  берілгенмен жарғылық капитал мөлшері өзгермеген.

Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша  жергілікті атқарушы органы және аудит объектісінің лауазымды тұлғаларының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтамауы анықталды.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.      

Аудит объектілеріне бұзушылықтарды жоюға және бұзушылықтарға жол берген адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

03.08.22 1

03.08.22 1

03.08.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы