19/05/2024  Жексенбі

Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында жүргізілген бақылау нәтижесі

Ағымдағы жылдың  17 шілдесінде Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыста   Маңғыстау облысының білім басқармасының «Маңғыстау политехникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдаланудың Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне және есепке алу мен есептіліктің анықтығы мен дұрыстығына жүргізілген бақылау нәтижесі қаралды.

Бақылау нәтижесі бойынша  жалпы сомасы  1 341 789,7 мың теңгеге бюджет қаражатын пайдалануда заңнамалардың талаптары өз дәрежесінде сақталмағаны анықталды.

Бақылау нәтижесі бойынша келесі заң бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды:

Қазақстан Республикасының  тиісті заңдарының талаптары сақталмай, мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау бойынша келісім шарттарда мамандарды даярлау бағыттары мен бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны қамтылмаған және оқытуды ұйымдастырудың бағалары белгіленбеген.

Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есеп және есептілік туралы,  мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалары өз дәрежесінде сақталмаған.

Кәсіпорын мен  Басқарма  арасында білімді ұйымдастыруға  жасақталған келісім шарттар бойынша орындалмаған жұмыс үшін артық қаражат түскен.

Бақылау нәтижесі бойынша аталған заң бұзушылықтарды  алдағы уақытта болдырмау мақсатындағы ұсынымдар мен тапсырмалардан тұратын қаулы қабылданды.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы