07/05/2024  Сейсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2021 жыл кезеңіне Маңғыстау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің «Дария» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына мемлекеттік аудит жүргізілді.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 148 746,1 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 146,7 мың теңгеге Кәсіпорын қаражатын тиімсіз пайдалану,  159 757,5 мың теңгеге ықтимал шығындар және жіберіп алған пайда, 24 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

ҚР Үкіметінің 10 ақпан 2003 жылығы №145 «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» қаулысының талаптары сақталмаған, Кәсіпорын шығыстарының лимиттері белгіленбеген.

ҚР-ның 1 наурыз 2011 жылғы "Мемлекеттік мүлік туралы" N 413-IV Заңының талаптары сақталмаған, жергілікті атқарушы орган Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін бөлу нормативін бекітпеген, Кәсіпорынның жарғысына өзгеріс енгізілмеген.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 14 ақпандағы №14 «Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларының» талаптары сақталмаған, 2017-2021 жылдарға арналған кәсіпорынның даму жоспары бекітілгеннен кейін, екінші жылдан бастап жыл сайын нақтыланбаған, өзгерістер веб-порталға енгізілмеген, орналастырылмаған, басқару органы даму жоспарына мониторинг жүргізбеген.

ҚР Ұлттық экономика министрінің 28 ақпан 2015 жылғы №161 «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларының» талаптары сақталмаған, әкімшіге ауыз су беру бойынша нақты көрсетілген қызметтер үшін жиынтық тізілім уақтылы ұсынылмаған, сондай-ақ жергілікті бюджеттен 13 421,1 мың теңге негізсіз субсидия алынған.

ҚР –ның 27 желтоқсан 2018 жылғы № 204-VІ "Табиғи монополиялар туралы" Заңының талаптары сақталмаған, тарифті бекіту кезінде тиісті салада қолданыстағы үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде техникалық ысыраптардың есеп-қисаптары жинақталып, өтінім берілмеген, нәтижесінде ауыз су мен электр энергиясы ысыраптарының нормативтері бекітілмеген.

ҚР –ның 2 ақпан 2007 жылғы  "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" №234 Заңының талаптары сақталмаған, негізгі құралдар (автокөліктер, су құбырлары) уақтылы кірістелмеген, материалдық емес активтер, қорлар тиісті бухгалтерлік шоттарда көрсетілмеген, жанар жағар май есебі жүргізілмеген, қаржылық есептілік бұрмаланған, дебиторлық, кредиторлық қарыздың дұрыстығы қамтамасыз етілмеген, бас бухгалтер лауазымына Кәсіби бухгалтерлік сертификаты жоқ тұлға тағайындалған, 2014 жылдан бері Есеп саясатына өзгерістер енгізілмеген.

16.08.22 1

16.08.22 1

16.08.22 1

16.08.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы