29/04/2024  Дүйсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Маңғыстау облысының білім басқармасына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының күрделі шығыстарына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралды.    

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен  76 112,0 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 848 442,0 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану, бірқатар рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Маңғыстау облысының білім басқармасымен 2020-2021 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген қаржы кәсіпорындарға 100 пайыз алдын ала аударылып,  821 242,2 мың теңгесі тауарлардың уақтылы келмеуіне байланысты тиісті қаржы жылдарында игерілмей, кәсіпорындардың шотында қалып, республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер тиімсіз пайдаланылған, көзделген түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қамтамасыз етілмеген.

Маңғыстау облысының білім басқармасы тарапынан 067  «Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы 435 «Мемлекеттік кәсіпорындардың жаңа объектілерін салу және қолдағы бар объектілерін реконструкциялау» ерекшелігі бойынша ағымдағы шығындарды қаржыландыру көзделмесе де, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 2020 жылы жалпы сомасы 30 192,0 мың теңге қаржы бөлініп, игерілгендігі анықталды.

 «Жас маман» жобасы бойынша 152 069,4 мың теңге немесе 5%-ға жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру жүргізілмеген.      

«Қарақия кәсіптік колледжі»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама 2 жағдайда басшылыққа алынбай, мемлекеттік сатып алу шартының техникалық сипаттамасына сәйкес келмейтін Changan A600 EV электромобилі және Mitsubishi Montero Sport автокөлігі сатып алынған.

«Түпқараған гуманитарлық-техникалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен жалпы сомасы 45 920,0 мың теңге құрайтын құрал-жабдықтар пайдаланылмай тұр.

Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп туралы заңнамалардың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды.    

Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды, нұсқамалар бекітіліп, қаулы қабылданды.     

Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

31.08.22 1

31.08.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы