29/04/2024  Дүйсенбі

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Ақтау қаласы әкімдігінің «Ақтау электр желілері басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінің тиімділігіне жүргізілген жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.           

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 172 639,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, 8 435 008,7 мың теңгеге мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану,  524 249,7 мың теңгеге экономикалық шығын және 17 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Жалпы көлемі 36 042,6 кВт/сағатқа немесе  жалпы сомасы 524 249,7 мың теңгеге бекітілген ысыраптың нормативінен артық электр энергиясының ысырабы анықталып, нәтижесінде, экономикалық шығын келген, яғни жалпы сатып алынған электр энергиясының 3% пайызы ысырап болған (шығындардың белгіленген техникалық нормативінен тыс 8%).

Даму жоспарын жасақтау кезінде қызметтердің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері айқындалмаған.

Жергілікті атқарушы органмен кәсіпорынның қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерi, әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормалары, қызметкерлерiне қызметтік іс сапарлар шығыстарын өтеу тәртiбi мен шарттарына сәйкес кейбiр шығыстардың лимиттерi  және өкiлдiк шығыстарының лимиттерi белгіленбеген.

«ОМЕГА ХХІ» ЖШС-мен «Биллинг қызметі» толық орындалмаса да, көрсетілетін қызметтерді орындау актісіне қол қойылып, жалпы сомасы 11 808,0 мың теңге кредиторлық қарыз негізсіз қалыптасқан.

Қалдық құны 1 430,1 мың теңгенің 76 дана негізгі құралдары жетіспейтіні анықталды.

Түгендеу кезінде, қалдық құны 60 501,2 мың теңге құрайтын 358 дана «sal ІІ wzvWL жарықтандыру тіректері» жетіспейтіні анықталды. Оның ішінде:104 данасы 17 575,7 мың теңге«Ақжол құрылыс» ЖШС-де қалғаны 254 данасы 42 925,4 мың теңге «АСК» ЖШС-де.

Кәсіпорынның балансында есепте тұрмаған 165 дана трансформаторлық қосалқы станциялар мен электр энергиясын тарату пункттеріне Кәсіпорын есебінен жалпы сомасы 288 244,3 мың теңге  шығыстар жүргізіліп, қаражат тиімсіз жұмсалған. Алайда, Кәсіпорынға трансформаторлық қосалқы станциялар мен электр энергиясын тарату пункттеріне қызмет көрсетуден (заңды және жеке тұлғалардан) кірістер түспеген.

Кәсіпорын баланысындағы жалпы сомасы 71 959,9 мың теңгенің 938 дана тауарларды  пайдаланбай, мемлекеттік мүліктің қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану принципы сақталмаған.

Кәсіпорын балансында есепте тұрған қалдық құны 12 143,6 мың теңгені құрайтын 9 автокөлік жарамсыз және олар үшін жалпы сомасы 410,5 мың теңге салық төленіп қаражат тиімсіз жұмсалған, нәтижесінде Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылау, тиімді пайдалану қамтамасыз етілмеген.

Кәсіпорын аталған лицензия түрімен айналысуға тиісті лицензия рұқсатын алмай, 2020-2022 жылдары медициналық қызмет түрімен айналысқан.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды. Отырыста  аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды. 

Бұзушылықтарды жоюға және  бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

12.04.22 1

12.04.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы