29/04/2024  Дүйсенбі

05.12.22 1

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметінің тиімділігіне жүргізілген жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралды.

Жүргізілген мемлекеттік аудитпен 8185,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар (977,5 мың теңге аудит барысында өтелді), 48381,0 мың теңгеге экономикалық шығын, 621 169,9 мың теңгеге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 19 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

2020-2022 жылдың 6 айында Кәсіпорынға су ысырабы әсерінен жалпы сомасы 48381,0 мың теңгеге экономикалық шығын келген (тиісті техникалық ысырап нормативі 16,9%-нан басқа).

Даму жоспарын жасақтау кезінде қызметтердің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері айқындалмаған.

Жергілікті атқарушы органмен кәсіпорынның қызметтiк автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативтерi, әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормалары, қызметкерлерiне қызметтік іс сапарлар шығыстарын өтеу тәртiбi мен шарттарына сәйкес кейбiр шығыстардың лимиттерi және өкiлдiк шығыстарының лимиттерi белгіленбеген.

13 қызметкерге негізсіз үстемақы тағайындалып, 2014-2022 жылдар аралығында жалпы сомасы 5401, 7 мың теңге негізсіз артық төленген (тізім бойынша).

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі №409-V «Азаматтық кодексінің (ерекше бөлім)» 409-бабының 1.тармағының және №639 келісім шарттың 3-тармағының талаптарын орындамаған. Яғни, тауар Кәсіпорынға мүлдем әкелінбеген.

Алайда, Өнім беруші мемлекеттік аудит жүргізу барысында 16.08.2022 жылы 977,5 мың теңгені толық Кәсіпорынға қайтарды.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексінің 97- бабының 6-1.тармағы талабын сақтамай, орындалған жұмыстарды растаудың дұрыстығын қамтамасыз ету талабы сақтамау салдарынан, орындалған жұмыстар актісі (техникалық шешіммен өзгеріс енгізілген) мен сметалық құжаттамалар арасында ауытқушылық анықталды.

Нәтижесінде, жасалған жұмыстарға жалпы сомасы 1118,8 мың теңге артық алынған.

Кәсіпорынның Есеп саясатына 11 жыл ішінде өзгерген Заңнамаларға сәйкес өзгерістер енгізілмеген.

Аудит барысында кәсіпорыныңбухгалтерлік есеп деректеріндегі тауарлық-материалдық құндылықтар тізімінде 2021 жылы сатып алынған 6 дана жалпысомасы 34 410,3 мың теңгегебір жылдан астам уақыт ішінде қолданылатын тауарлар (таль, кран балка, фекальный насос СД800- 4 дана) тіркелгені анықталды. Сонымен қатар құралдарды қарау барысында жоғарыда аталған құралдар КТС-2 кешенінде орнатылған. Бірақ, КТС-2 кешені кәсіпорын балансында жоқ.

Кәсіпорын балансында есепте тұрған 5 автокөлік жарамсыз және олар үшін жалпы сомасы 125,7 мың теңге салық төленіп, қаражат тиімсіз жұмсалған.

«Маңғыстау облысыныңэнергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 30.12.2014 жылғы №195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарының» 8-тармағының 8,14-тармақшалары сақталмаған.

Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы (418,423 ерекшелiктеріне) күрделі шығыстарға жатпайтын ағымдағы жөндеу жұмыстары мен материалдарға жалпы сомасы 311461,0 мың теңгеге негізсіз қаражат жоспарланып, бөлінген.

Сонымен қатар, Басқармамен бюджеттік шығындарды жоспарлауда жалпы сомасы 309708,9 мың теңгеге (2020 жылы – 95313,9 мың теңге күрделі жөндеу жұмыстары, 2021 жылы 214395,0 мың теңге) күрделі жөндеу жұмыстарына негіздеуші құжаттары (жобалау-сметалық құжаттама) ұсынылмай, қаражат бөлінген.

Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі 4-бабымен көзделген негізділік және тиімділік принциптерінің жекелеген нормалары сақталмай, бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланған.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталмау жағдайлары орын алғаны анықталды.

Отырыста аталған аудиторлық іс-шара нәтижесі қаралып, аудиторлық қорытынды бекітіліп, қаулы қабылданды.

Бұзушылықтарды жоюға және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданды.

05.12.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы