02/05/2024  Бейсенбі

12.12.22 1

2022 жылдың 02 желтоқсанында   Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне 2022 жылға техникалық сабақ өткізу жоспарына сәйкес, техникалық оқу-кеңес өткізілді.

Оқу барысында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 30.07.2020ж. № 6-НҚ қаулысымен бекітілген сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына және 31.03.2016 жылғы № 5-НҚ қаулысымен бекітілген сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарына  2022 жылдың 28 қыркүйегінде  енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Талқылау барысында Тексеру комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық, сапаны бақылау және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау  бөлімдерінің басшылары /3 бөлім басшылары/  қызметкерлерге  қағидаға, стандарттарға енгізілген көптеген өзгерістерді атап өтіп және оның аудиторлық іс-шара  барысында заңды түрде дұрыс қолданылуы жөнінде түсіндірді.

12.12.22 1

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы