03/05/2024  Жұма

13.12.22 1

Маңғыстау облысы бойынша Тексеру комиссиясы  02.12.2022 жылы  мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалардың  сақталуы бойынша отырыс өткізді, оған Тексеру комиссиясының қызметкерлері қатысты.

Отырыста тексеру комиссиясы аппаратының басшысы және әдеп жөніндегі уәкілі  А.М. Нугманов Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне соңғы 2022 жылдың 22 ақпанындағы  өзгерістер енгізілгендігін мәлімдеді. Отырыс барысында енгізілген өзгерістер жөнінде және мемлекеттік қызметшілердің, атап айтқанда аудиторлардың аудиторлық іс-шараларда қызметтік әдепті сақтауы жөнінде сөз сөйледі.

Өткізілген отырыстың қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне этиканы сақтау тапсырылды және әлеуметтік желілердегі кері байланыс – жарияланған пост бойынша әрбір коментарийге жауап беру  тиістігі де атап өтілді.

Иманбердиев Нұржан Доғдырқұлұлы
Төрағаның блогы